2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

2019 жылы департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 365 өтініштің 318-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 47 өтініш белгілі себептерге байланысты заңды тұлғалар тарапынан қайтарылып алынды (отзыв). Мемлекеттік қызмет көрсетілген 318 өтініштің 38-і лицензия алуға, 153-і лицензияға қосымша алуға, 127-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 15 лицензия, 55 лицензияға қосымшалар беріліп, 102 лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қайта ресімделді. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен қалған 146 өтінішке дәлелді бас тартылды.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына 191 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-10, лицензияға қосымша алуға-150, лицензияны қайта ресімдеуге-31. Қорытындысында 2 лицензия, 14 колледжге 52 біліктілікке лицензияға қосымшалар беріліп,22 лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-115.

     Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 127 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-28, лицензияға қосымша алуға-3, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-96. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 13 заңды тұлғаға лицензия, 3 мектепке лицензияға қосымша берілсе, 80 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-31.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшаларын алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Лицензияны алған уақыты
1 Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы «АйСаф жеке қыздар мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

04.02.2019 ж.

2 «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№45 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

11.02.2019 ж.

3 «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

15.04.2019 ж.

4 «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы ЛА-155/12 түзету мекемесіндегі кешкі (ауысымдық) мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

 

13.06.2019 ж.

5 “Іле ауданының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Кешкі (ауысымдық) мектеп” мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

13.08.2019 ж.

6 Іле ауданы, Покровка ауылындағы «ASADELD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Бастауыш білім беру)  

06.09.2019 ж.

7 «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласы Заречный ауылының көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (130401 2 «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы» біліктілігі)  

13.09.2019 ж.

8  Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Нұржәрдем» медициналық колледжі» жекеменшік мекемесі (030204 3 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі)  

 

27.09.2019 ж.

9 Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы «Мейірімді періште» жекеменшік мектеп-гимназиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Бастауыш және негізгі орта білім беру)  

 

24.10.2019 ж.

10 Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «DANA SCHOOL» бастауыш мектебі» жеке мекемесі (Бастауыш білім беру)  

24.10.2019 ж.

11 «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№28 IT мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

29.11.2019 ж.

12 «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)  

 

29.11.2019 ж.

13 Іле ауданы, Казцик ауылындағы «Sholpan.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Келешек бастауыш мектебі) (Бастауыш білім беру)  

 

29.11.2019 ж.

14 Іле ауданы, Боралдай кентіндегі «Частная Интеллектуальная школа «Юнона» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Бастауыш және негізгі орта білім беру)  

 

29.11.2019 ж.

15 Талдықорған қаласындағы «INNOVERSE TALDYQORGAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Жалпы орта білім беру)  

30.12.2019 ж.

  Барлығы: 15 (13 мектеп, 2 колледж)  

 

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшалар алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Біліктіліктің саны
1 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

6

2 Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында орналасқан «Көпсалалы инновациялық колледж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  

2

3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  

10

4 «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Текелі кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

8

5 Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық колледжі» мекемесі 4
6 «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  

 

1

7 «Кеген ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 (жалпы орта білім беру)
8 Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№39 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 1 (жалпы орта білім беру)
9 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

 

1

10 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған агро-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

1

11 «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

5

12 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бастөбе сервистік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2
13 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 4
14 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 4
15 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

 

3

16 Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы “Диана” Жоғары Медицина колледжі” мекемесі  

1

17 Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «DANA SCHOOL» бастауыш мектебі» жеке мекемесі 1 (Негізгі орта білім беру)
  Барлығы: 17 (3 мектеп, 14 колледж) 55 (мектеп-3, колледж-52)

2019 жылы білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтің 54% қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 10 күнді құрады. Есептік кезеңде ЕЛ ММБ ақпараттық жүйесі ақаусыз жұмыс істеді.

 

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

2019 жылы Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде  293 білім туралы құжат апостильденді.

Оның ішінде:

  • жоғары білім туралы – 129;
  • жалпы орта білім бойынша – 126;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша – 35;
  • анықтама-3.

Елдерге кету картасы:

  • Оңтүстік Кореяға – 120;
  • Германияға- 12;
  • Түркияға – 42;
  • Польшаға – 25;
  • Чехияға – 36;
  • Ресейге– 7;
  • АҚШ – 13;
  • Литваға – 4;
  • Италияға – 8;
  • Словакияға – 6;
  • Словенияға-1;
  • Венгрия -1;
  • Грецияға – 4;
  • Израильге – 1;
  • Португалияға -2;
  • Бельгияға – 4;
  • Францияға – 3;
  • Норвегияға – 1;
  • Нидерландияға – 1;
  • Румынияға – 1;
  • Әзербайжанға – 1.

Leave a Reply