2019 жылы Алматы облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін бағалаудың өткізілуі туралы ақпарат

2019 жылдың 17-26 сәуір аралығында Алматы облысының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай-ОЖСБ) өтті. ОЖСБ-ды өткізу алдында жүйелі түрде жүргізілетін дайындық жүмыстары жүргізілді. 2019 жылдың 4 наурыз – 10 сәуір аралығында өткен Департамент күндері аясында облыстың барлық аудандырында (қалаларында) мектеп, білім бөлімі басшылары, педагогтер мен ата аналар арасында ОЖСБ сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері болып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 08 сәуірдегі №140 бұйрығымен Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің (ары қарай-БСБД) 12 маманы және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұсынысымен 80 мұғалім және мектеп директорларының орынбасарлары анықталып бекітілді.

2019 жылдың 16 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері және БСБД қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. Министрлік өкілдері ОЖСБ-ны өткізудің мақсаты, сыныптар және пәндер бойынша өткізу технологиясы бойынша толық ақпарат алды. БСБД-нің 12.04.2019 жылғы №135-ө бұйрығымен министрлік өкілдері ОЖСБ өткізу пунктеріне бөлінді. Әр министрлік өкілі басшылық үшін электронды түрде құқықтық нормативтік құжаттар және ОЖСБ өткізу пунктері бойынша бағдар алды.

2019 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізуде министрлік өкілдері ұсынылған іс-әрекет жоспарын толық орындады.

Министрлік өкілдері, БСБД қызметкерлері ОЖСБ өткізу пунктеріне келу барысында аудитория дайындығын тексеріп, ОЖСБ-ны өткізуге жауапты мектеп әкімшілігімен, АББ (ҚББ) өкілдерімен кездесіп, кеңес өткізді. Тестілеудің алдында мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшілерімен оқушылардың тестілеудегі тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеудің барлық материалдары ҰБТӨП-ке жеткізіліп жауап парақтары сканерлеуден өткізілді және сәйкестендірілді. ОЖСБ-ның қорытындысы бойынша шығарылған ведомостар мектеп директорларына, министрлік, ҰБТӨП өкілдеріне ұсынылды. Тестілеудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін сұрақ- кітапшалары ҰБТӨП-де жойылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 08 сәуірдегі №140 бұйрығымен ОЖСБ-ға 17-25 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша 4 лекпен 107 білім беру ұйымы қатысты (І-17 сәуір, ІІ-19 сәуір, ІІІ-22 сәуір, ІV-23-25 сәуір аралығында) оның ішінде 53 білім беру ұйымында 9,11 сыныптарда компьютерлік тестілеу өтті.

Жалпы 4,9,11 сыныптар бойынша жоспарланған 20007 оқушыдан 18922 оқушы қатысты, бұл 94,6% құрады. Оның ішінде,

4 сыныптар -10146 (94,6%),

9 сыныптар – 6902 (94,5%),

11 сыныптар – 1874 (95%).

ОЖСБ-ға денсаулығына, басқа мектепке ауысуына, олимпиядаға және  облыстық Білім басқармасының бұйрығымен жарыстарға және т.б. шараларға қатысуына байланысты 1106 оқушы қатыспады, 21 оқушы басқа мектептерден ауысып келді.

ҰБТӨП мәліметі бойынша орта балл:

11 сыныптар бойынша максималды 100 балдан 50,65 балл, бұл 50,65%) (2018 жылы-53,9, 53,9%);

9 сыныптар бойынша максималды 75 балдан 33,36 балл, бұл 44,5%) (2018 жылы-30,72, 41%);

4 сыныптар бойынша максималды 30 балдан 16,86 балл, бұл 56,2%) (2018 жылы-17,32, 57,7%).

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың осы көрсеткіштері мектеп бітіруші 4,9 сыныптардың ОЖСБ нәтижелері 2018 жылмен салыстырғанда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын толық меңгермегеніне байланысты төмендегенінің айғағы және 9 сыныптардың нәтижесі шамалы көтерілгенін көрсетеді.

Leave a Reply