2019 жылдың 2-тоқсанында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық анықтамасы

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                      27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 57 бабына, 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы»  2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығына (ҚР БҒМ 28.12.2017 жылғы №657 және 16.11.2018 жылғы №634 бұйрықтары) сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары заңмен белгіленген уақытта жүргізілуде.

Алматы облысының білім беру мекемелеріне «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметі электронды «elicense.kz» ақпараттық жүйе арқылы Білім және ғылым министрінің 25.04.2015 жылғы                         №204 бұйрығымен (ҚР БҒМ 25.03.2016 жылғы №218 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 02.06.2015 жылғы №357 бұйрығымен (ҚР БҒМ 30.03.2016 жылғы №231 бұйрығы) бекітілген «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

     Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында департаменттің «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелген 88 өтініштің 72-не мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 16 өтініш белгілі себептерге байланысты заңды тұлғалар тарапынан қайтарылып алынды (отзыв). Мемлекеттік қызмет көрсетілген 72 өтініштің 6-ы лицензия алуға, 40 лицензияға қосымша алуға, 26-ы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 2 лицензия, 12 лицензияға қосымшалар беріліп, 16-ы қайта ресімделді, қалған 42 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан тіркелеген 54 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-40, лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-14. Қорытындысында 6 колледжге 12 лицензияға қосымшалар беріліп, 8 колледждің лицензиялары және (немесе) лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-34.

     Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 18 өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде лицензия алуға-6, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге-12. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 2 заңды тұлғаға лицензия және лицензияға қосымша берілсе, 8 мектептің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-8.

       Сәуір айында мемлекеттік қызмет көрсетілген 29 өтініштің  2-і лицензия алуға, 19-ы лицензияға қосымша алуға, 8-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 1 мектепке лицензия және лицензияға қосымша, 1 колледжге 1 лицензияға қосымша берілді, 8 заңды тұлғаның лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-19. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 23 өтініш берілсе, оның ішінде 9 колледжден түрлі біліктіліктер бойынша лицензияға қосымша алуға-19, лицензияны қайта ресімдеуге-4. Қорытындысында 1 колледжге 1 біліктілік бойынша лицензияға қосымша беріліп, 4 өтініш бойынша 3 колледждің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. 8 колледжге 18 біліктілікке берілген өтініштеріне дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден тіркелген 6 өтініштің 2-і лицензия алуға, 4-і қайта ресімдеуге. Нәтижесінде 1 мектепке лицензия және лицензияға қосымша беріліп, 4 мектептің лицензия және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-1.

      Мамыр айында мемлекеттік қызмет көрсетілген 18 өтініштің 2-і лицензия алуға, 5-і лицензияға қосымша алуға, 11-і лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 2 заңды тұлғаға түрлі біліктіліктер бойынша 3 лицензияға қосымшалар берілді. 5 білім беру ұйымының лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-10. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 10 өтініш берілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-5, лицензияны қайта ресімдеуге-5. Қорытындысында 2 колледжге сұралған біліктіліктер бойынша 3 лицензияға қосымшалар берілсе, 2 колледждің лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, 5 өтінішке дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 8 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензия алуға-2, лицензияны қайта ресімдеуге-6. Нәтижесінде 3 заңды тұлғаның лицензиялары қосымшаларымен қайта ресімделсе, 5 өтінішке дәлелді бас тартылды.

      Маусым айында мемлекеттік қызмет көрсетілген 25 өтініштің 2-і лицензия алуға, 16-ы лицензияға қосымша алуға, 7-і лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге. Қорытындысында 1 заңды тұлғаға лицензия, 3 заңды тұлғаға 8 лицензияға қосымшалар беріліп, 3 білім беру ұйымының лицензиясы және лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-13. Тиісті білім беру деңгейлері бойынша: Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 21 өтініш берілсе, оның ішінде лицензияға қосымша алуға-16, қайта ресімдеуге-5. Қорытындысында 3 колледжге түрлі біліктіліктер бойынша 8 лицензияға қосымшалар беріліп, 2 колледждің лицензияға қосымшалары қайта ресімделді, 11 өтінішке дәлелді бас тартылды. Жалпы білім беретін мектептерден 4 өтініш тіркелсе, оның ішінде лицензия алуға-2, лицензияны қайта ресімдеуге-2. Нәтижесі бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін 1 мектепке лицензия қосымшасымен берілсе, 1 мектептің лицензиясы қосымшасымен қайта ресімделді, дәлелді бас тартылғаны-2.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшаларын алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Лицензияны алған уақыты
1 «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі  

15.04.2019 ж.

2 «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ «Заречный ауылындағы ЛА-155/12 түзету мекемесіндегі кешкі (ауысымдық) мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне  

13.06.2019 ж.

Барлығы: 2 мектеп  

 

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымшалар алған білім беру ұйымдары:

Білім беру ұйымы Біліктіліктің саны
1 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

 

1

2 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

2

 

3 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған агро-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

1

4 «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

5

5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  

 

2

6 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  

 

1

Барлығы: 6 колледж 12

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталда өтініш тіркелген сәттен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу 30 жұмыс күн, лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қаралады, ұсынылған құжаттар толықтай тексеріліп, рұқсаттық бақылау жұмысы жүргізіледі. Лицензиялау комиссиясының отырысы өткізіліп, біліктілік талаптары сәйкес болған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы бұйрық шығарылады, ал сәйкессіздік анықталған жағдайда дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі.

Ағымдағы жылдың сәуір-маусым айларында білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін 8 заңды тұлғаға (2 мектеп, 6 колледж) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен рұқсаттық бақылау жүргізілді. Рұқсаттық бақылаудың қорытындысы бойынша 2 мектеп және 6 колледждің 12 біліктіліктері бойынша өтініштері қанағаттандырылды.

Департамент тарапынан электрондық порталға тіркеліп, мемлекеттік қызмет көрсетілген 72 өтініштің 42-не (58,3%) мемлекеттік қызмет көрсету барысында дәлелді бас тартудың негізгі себептері, қызмет алушылар тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                    2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін толтыруда кемшіліктер жіберулерінен туындаған. Оның ішінде негізгі кемшіліктер: Заңды тұлғалардың педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы, оқу және ғылыми әдебиеттер, цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы нысандар талапқа сай толтырылмаған. Сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттары талапқа сай емес. Оқу жұмыс жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылмаған және т.б.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу үшін 3 заңды тұлғадан (3 мектеп) тіркелген 6 өтініш бойынша: 2 мектептен тіркелген 4 өтініш қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғаларға лицензия және лицензияға қосымшалары берілді («Іле ауданының білім бөлімі» ММ «№42 орта мектебі» МКМ және «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ «Заречный ауылындағы ЛА-155/12 түзету мекемесіндегі кешкі (ауысымдық) мектеп» МКМ). «Іле ауданының білім бөлімі»  ММ «Кешкі  (ауысымдық)  мектеп» МКМ лицензия қосымшасымен алуға тіркелген 2 өтінішке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша алу үшін                   14 заңды тұлғалардан (14 колледж) тіркелген 40 өтініш бойынша:                            6 колледжден 25 өтініш тіркеліп, олардың 12-і қанағаттандырылды (Ұзынағаш кәсіптік колледжі-16/5, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі-1/1, Талдықорған агро-техникалық колледжі-2/1, Текелі кәсіптік колледжі-2/2, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі-2/1, Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі-2/2). 8 колледжден 15 өтініш тіркеліп, қорытындысында сұралған біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшалар берілмеді (Талдықорған гуманитарлы-техникалық колледж-4, Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі-1, Талғар политехникалық колледжі-1, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі-3, Д.А. Қонаев атындағы университетінің Талғар қаласындағы колледжі-1, Алматы қаласының туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі-1, Бастөбе сервистік-техникалық колледжі-2, Жаркент көпсалалы колледжі-2).

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларын қайта ресімдеу үшін заңды тұлғалардан (14 колледж, 12 мектеп) тіркелген 26 өтініш бойынша: 8 колледж және 8 мектептен тіркелген 16 өтініш қаралып, қорытындысында аталған заңды тұлғалардың лицензиялары және (немесе) лицензияға қосымшалары қайта ресімделді. 10 өтінішке (6 колледж, 4 мектеп) білім беру қызметі бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері немесе заңды тұлғалар тарапынан қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелері тіркелмегендіктен дәлелді бас тартылды.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтің 41,6% қанағаттандырылды. Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру жұмыстары бойынша мемлекеттік көрсетілген қызмет орта есеппен 7 күнді құрады. Есептік кезеңде ЕЛ ММБ ақпараттық жүйесі ақаусыз жұмыс істеді.

Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою

Білім туралы құжаттарды апостильдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және 2015 жылғы 13 тамыздағы №528 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

Департамент «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметін 2017 жылдың 19 маусымынан бастап электронды «ИИС ЦОН ГО порталы арқылы» және қағаз түрінде қатаң Заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Барлық мемлекеттік қызметтер түрлері электронды және қағаз түрінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша стандартпен көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Департаментке 2019 жылғы сәуір, мамыр, маусым айларында білім туралы 59 құжат апостильденді. Апостильденген 59 құжаттар бойынша:

  • жоғары білім туралы – 26;
  • жалпы орта білім бойынша – 24;
  • кәсіптік-техникалық білім бойынша – 8;
  • анықтама – 1.

Елдерге кету картасы:

  • Оңтүстік Кореяға – 24;
  • Германияға – 1;
  • Түркияға – 4;
  • Польшаға -12;
  • Чехияға – 4;
  • АҚШ – 3;
  • Италияға – 2;
  • Словакияға – 3;
  • Словенияға – 1;
  • Израильге – 1;
  • Бельгияға – 1;
  • Францияға – 3.

 

Департамент тарапынан білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп, тиісті әдістемелік нұсқамалар берілуде. Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметші жоқ.

Департаменттің интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) тәртібі туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде инфографика, мемлекеттік орган көрсететін қызметтер бойынша стандарт пен регламенті, сол сияқты, Қазақстан Республикасының                    2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №204 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес «Е-лицензиялау» порталында білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептер, нұсқаулықтар департаменттің арнайы ресми интернет-ресурсына орналастырылған.

Электрондық Үкіметтің (egov.kz) порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметке (білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою) қол жеткізу үшін белсенді сілтемелер орнатылған. «Білім беру қызметін лицензиялау» және «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты және тәртібі мекеме ішінде арнайы ақпараттық стендтерде орналасқан. Департаментте мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қызметті алушылармен тікелей байланыс шектелген.

            

Leave a Reply