2019 жылдың 14 наурызы күні Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің ұйымдастыруымен өткен Қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру туралы семинар-кеңес жөнінде Панфилов ауданы, Қырыққұдық ауылы, Жаркент орта мектебінің директоры Мұратбек Бекмұқаұлы Әжібековтың пікірі

Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің ұйымдастыруымен өткен Қамқоршылық  кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру туралы семинар- кеңес өз дәрежесінде ұйымдастырылған.

Қамқоршылық  кеңестің  жұмысы  жан-жақты жандандырылса, мектептің материалдық-техникалық базасы жақсарады, оқушылардың және мұғалімдердің құқықтарын  сақтауға көмегі тиеді, бірақ, демеушілерден түскен қаржылай қайырымдылық көмектің арнайы шоттың жоқтығынан  ала алмай отырмыз. Көмекті тек заттай алудамыз.  Ауданда мектеп басшысын Қамқоршылық кеңестің ұсынысымен тағайындау ата-аналардың, яғни,кеңес мүшелерінің беделінің өсуін көрсетуде.

ҚР білім және ғылым министрінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен 2018 жылдың  16 қазанында бақылау департаментінің мамандары Панфилов ауданына (мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен  кеңес төрағаларымен) келіп Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырып,  қалай жұмыс істеу керектігіне  көмек көрсеткен.

Ұсыныс: Әр ауданға, мектепке Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырып,  қалай жұмыс істеу керектігіне  әлі де  көмек қажет.

 

М.Б.Әжібеков

Leave a Reply