2018 жылы өткен оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындысы туралы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 07 наурыздағы №88 бұйрығына сәйкес 10-21 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша оқу жетістіктеріне сырттай бағалауға 142 білім беру мекемелері 6 лекте қатысты. Барлық қатысқан 4,9,11 сынып оқушы саны -11485. Жоспарланған оқушылар санының (12215) 94% құрайды, оның ішінде 4 сынып -6030 (94,6%), 9 сынып -4161 (93,3%), 11 сынып-1294 (94%).

5-лекте 33 мектептің 9,11 сынып оқушыларына электронды тестілеу өткізілді.

4-лекте Қаратал ауданындағы Алғазы орта мектебінің 24 оқушысы ОЖСБ-ға қатыспады, себебі емтихан материалдары Балхаш көліндегі жүрген мұз көшкініне байланысты, аталған мектепке жеткізілмеді.

Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарының ұйғыр тілінде оқытылатын 9,11 сынып оқушыларын тестілеу 6-лекте жүргізілді.

ҰТО қорытындысы бойынша орта балл:

11 сыныптар-мүмкін 100 балдан 53,9 балл, 53,9%  құрайды (2017 жылы-69,8%, 60 тан 41); республикалық көрсеткіш -63,8

9 сыныптар бойынша мүмкін 75 балдан 30,7 балл, 40,9% құрайды (2017 жылы 33,8 балл, 45%) республикалық көрсеткіш -38,7

4 сыныптар бойынша мүмкін 30 балдан 17,3 балл, 57,7% құрайды (2017 жылы 18,3 балл, 61%) республикалық көрсеткіш -18,2.

Берілген көрсеткіштер ОЖСБ қорытындысы 2017 жылмен салыстырғанда 4,9,11 сынып оқушыларының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын толық меңгермеуінен төмендегенін көрсетеді.

ОЖСБ көрсеткіштерінің нақтылығы БСБД және ҰТО тарапынан қолданылған шаралар әсерінен деп есептейміз:

– тестілеу өткізуге үлкен аудиторияларды алып, кезекшілерді қажетті жағдайда ғана қатыстыра отырып, министрлік өкілдері әрекетінің алгоритміне өзгеріс енгізу;

– бір білім беру мекемесінде оқу пәндерінің бірнеше нұсқаларын пайдалану;

– министрлік өкілдеріне ОСЖБ-ның өткен легі бойынша толық қорытынды жасап, нұсқама беру.

Leave a Reply