2018 жылдың 30 наурызында білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай ауылындағы №2 орта мектебі» және «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды. Сол сияқты, «Қаратал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша алуға берген өтінішіне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай ауылындағы №2 орта мектебі» және Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі»   коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымшалар берілді. «Қаратал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша берілді.

Leave a Reply