2018 жылдың 25 мамырында білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Көксу ауылшаруашылық  колледжі» МКҚК білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар алуға,  Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша берілді. «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Көксу ауылшаруашылық колледжі» МКҚК 1220000-«Қант өндірісі» мамандығының 122001 2-Утфель қайнату аппаратшысы (10 ай, 2 жыл 10 ай) және 122004 3-Техник-технолог (3 жыл 6 ай, 2 жыл 6 ай) біліктіліктеріне лицензияға қосымшалар берілді.

Leave a Reply