2018 жылдың 18 мамырында білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ «Береке орта мектебі» КММ және «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ «Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп» МКМ «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Береке орта мектебі» және «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымшалар берілді.

Leave a Reply