2018 жылдың 1-ші тоқсанында Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан жүргізілген ішінара тексерулердің нәтижесі

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 31 білім беру мекемелеріне, оның ішінде 4 колледж  және 27 мектепте, ішінара тексерулер жүргізілді. Ішінара тексеру барысында 30 білім беру мекемелерінде білім беру саласындағы  заңнама талаптарын бұзушылық анықталды.

Ішінара тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:

1.Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы» Кодексінің 409-бабының 4-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни «білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау» –23 мектеп (Кербұлақ ауданы -2 мектеп, Балқаш -2, Жамбыл-3, Ақсу-1, Сарқан-2, Еңбекшіқазақ-2, Іле-1, Панфилов -1, Карасай-4,Талдықорған-3, Талғар-2),оның ішінде:

– тиісті бейіні мен білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатпен расталған педагогикалық білімі бар мамандармен қамтамасыз етілмеуі –18 мектеп;

– оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болмауы- 1мектеп;

– оқу жоспары негізінде әзірленген оқу процесіндегі сабақтар кестесінің талапқа сәйкессіздігі – 9 мектеп;

қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы қатаң есептегі құжаттардың талапқа сай берілмеуі -1мектеп;

оқу орнындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістердің талапқа сәйкессіздігі-1мектеп.

409-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша, яғни «білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау»-2 колледж;

409-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша, яғни «білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау»-1 колледж;

409-бабының 6-бөлігі бойынша, яғни «көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар»-3 колледж, 22 мектеп (Кербұлақ ауданы-2, Сарқан-2, Жамбыл-3, Еңбекшіқазақ – 3, Іле- 1, Қарасай- 4, Алакөл -1, Талдықорған-3, Талғар-3), оның ішінде:

  үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалмауы-17 мектеп;

– білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғандағы ең жоғары көлемінің Орта білім берудің (негізгі орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес болмауы-10 мектеп;

– денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін ұйымда оқи алмайтын оқушыларыды үйінде ақысыз жеке оқытумен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуының талапқа сәйкессіздігі – 4 мектеп;

– жалпы орта білім беретін ұйымдарда  сыныпты екі топқа бөліп оқытуының мемлекетті міндетті стандартқа сәйкессіздігі- 6 мектеп.
464-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу»1 колледж, 2 мектеп, оның ішінде:

оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкессіздігі-1колледж;

негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 30 % 1 колледж;

білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы- 1 мектеп;

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу цикліне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу әдебиеті қорының жетіспеушілігі – 1 мектеп.

Барлығы 54 хаттама толтырылып, жауапты лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды. Білім беру ұйымының атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және жоспардан тыс тексеру мерзімі тағайындалды.

Leave a Reply