2018 жылдың 06 сәуірінде білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі», «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайназар ауылындағы №2 орта мектебі», «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№40 орта мектеп», «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№36 орта мектеп»   коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі», «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайназар ауылындағы №2 орта мектебі», «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№40 орта мектеп», «Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№36 орта мектеп»   коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымшалар берілді.

Leave a Reply