2018 жылдың 03 мамырында білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Қапшағай көпсалалық колледжі», «Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК және Ақсу ауданының білім бөлімі «Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар алуға,  «Іле ауданының білім бөлімі» ММ «№24 лицей» МКМ білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия және лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, «Іле ауданының білім бөлімі» ММ «№24 лицей» МКМ «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» және «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түрлеріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша берілді. «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК 121107 2 «Модельер-пішуші» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 10 ай) біліктілігі, «Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК 120109 2 «Көлікті жөндеу шебері» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) және 111401 2 «Пісіруші (барлық атауларымен)» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) біліктіліктеріне лицензияға қосымшалар берілді. Ақсу ауданының білім бөлімі «Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымша берілді.

Leave a Reply