Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан ағымдағы жылдың сәуір айында 11 білім беру мекемелеріне, оның ішінде 2 колледж және 9 мектепте, ішінара тексерулер жүргізілді. Ішінара тексеру барысында 11 білім беру мекемелерінде білім беру саласындағы заңнама талаптарын бұзушылық анықталды.
Ішінара тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 4-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни «білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау» –2 колледж, 9 мектеп (Ескелді ауданы -1 мектеп, Жамбыл-1, Ақсу-1, Сарқан-3, Еңбекшіқазақ-2, Карасай-1мектеп) .
409-бабының 6-бөлігі бойынша, яғни «көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар»-1 колледж, 8 мектеп
464-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу» – 1 мектеп,
Барлығы 21 хаттама толтырылып, жауапты лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды. Білім беру ұйымының атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және жоспардан тыс тексеру мерзімі тағайындалды.