2017 жылы облыс мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) өткізу туралы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №164 бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 17-28 сәуір аралығында облыс мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бағалау өткізілді. ОЖСБ 93 орта білім беру ұйымдарында 4 лекте (18,21,25,26,27.04.) өткізілді. Жалпы 4,9,11 сынып бойынша 14304 оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ретінде Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 10 маманы және облыс мектептерінің ең үздік мұғалімдері мен мектеп директорының орынбасарлары бекітілді.

ОЖСБ өткізу алдында жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың 20 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Білім саласындағы бақылау департаменті басшысы С.Досматованың қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігі және Білім саласындағы бақылау департаменті өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарға қатысушылар ОЖСБ-ның мақсаты мен міндеттері туралы, технологиясы бойынша толық ақпарат алды, буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Білім саласындағы бақылау департаментінің 19.04.2017 ж. №204-1-ө бұйрығымен министрлік өкілдері ОЖСБ өткізу пунктеріне жіберілді, қосымша ОЖСБ өткізу бойынша нұсқама жүргізілді.

Кешенді тестілеу сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар облыстың  22 мектебінде 9,11 сыныптардағы ОЖСБ  компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.

Облыс мектептері бойынша орташа балл:

11 сыныптар бойынша – 41,9 балл.

9 сыныптар бойынша – 33,8 балл.

4 сыныптар бойынша – 18,3 балл.

Тестілеуге дайындық және өткізу барысында мектеп әкімшілігі тарапынан бұзушылық тіркелмеді.

Leave a Reply