2017 жылдың 26 желтоқсанында Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан «Немере» жалпы білім беретін мектеп» жекеменшік мекемесінің «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне лицензияға қосымша алуға білім беру қызметіне лицензияға қосымша алуға тіркелген өтінішіне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмысының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымының заңды тұлға ретінде лицензияға қосымша алуға берген өтініші бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан «Немере» жалпы білім беретін мектеп» жекеменшік мекемесіне «Жалпы орта білім беру» қызметтің кіші түріне лицензияға қосымша берілді.

Leave a Reply