2017 жылдың 25 қыркүйегінде Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде  «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі», «Қаракемер кәсіптік колледжі», «Шелек политехникалық колледжі» және «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, жоғарыда аталған колледждердің сұраныс берген біліктіліктері Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес деген шешім шығарылды.

       Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті басшысының бұйрығы негізінде «Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі» МКҚК 050601 2-«Шаштараз-модельер» (оқу мерзімі:2 жыл               10 ай), 140104 2-«Сылақшы»  (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай), 150409 2-«Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері» (оқу мерзімі:2 жыл                   10 ай), және 120106 2-«Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) біліктіліктеріне, «Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК 111404 2-«Электр газымен дәнекерлеуші» (оқу мерзімі:   10 ай) біліктілігіне, «Шелек политехникалық колледжі» МКҚК 050802 2-«Кондитер» (оқу мерзімі:2 жыл 10 ай) біліктілігіне, «Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК 120101 1-«Жүргізуші» (оқу мерзімі:               2 жыл 10 ай), 120109 2-«Көліктерді жөндеу шебері» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) және 111402 2-«Газбен кесуші» (оқу мерзімі:2 жыл 10 ай) біліктіліктеріне  лицензияға қосымшалар берілді.

 

 

Leave a Reply