2017 жылдың 11 мамырында Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №45 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан «Нұржәрдем» медициналық колледжі» Жекеменшік Мекемесінің білім беру қызметіне лицензия алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензия алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №45 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын  біліктілік  талаптарына  сәйкес деп шешім шығарды. Аталған білім беру мекемесіне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия және лицензияға қосымша берілді.

Комиссияның шешімімен Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында орналасқан «Нұржәрдем» медициналық колледжі» Жекеменшік Мекемесінің 0302000-«Медбикелік іс» мамандығының 0302033-«Жалпы тәжірибедегі мейірбике» біліктілігі (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес емес деп танылып, дәлелді бас тартылды.

Leave a Reply