2017 жылдың 09 маусымында Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған политехникалық колледжі», «Талдықорған агротехникалық колледжі», «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» және «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының білім беру қызметіне лицензияға қосымша алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.
Аталған білім беру ұйымдарының заңды тұлға ретінде лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, «Талдықорған политехникалық колледжі» МКҚК 0107000-«Технология» мамандығының 010701 3-«Технология пәнінен негізгі орта білім беру мұғалімі» (оқу мерзімі:3 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай) біліктілігі білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес деп шешім шығарып, лицензияға қосымшалар берілді. Сол сияқты, «Талдықорған агротехникалық колледжі» МКҚК 1219000-«Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығының 1219092-«Кондитер» біліктілігі (оқу мерзімі:10 ай, 2 жыл 10 ай), 1224000-«Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығының 122406 2-«Сүт өнімдері өндірісіндегі автоматты желілер операторы» біліктілігі (оқу мерзімі:10 ай, 2 жыл 10 ай) және «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» МКҚК 1510000-«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 151001 2-«Слесарь-жөндеуші» (оқу мерзімі:2 жыл 10 ай), 1201000-«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 120109 2-«Көліктерді жөндеу шебері» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай), 1511000-«Жерге орналастыру» мамандығының 151101 2-«Сызушы» (оқу мерзімі:2 жыл 10 ай) және 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)» мамандығының 090201 2-«Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы» (оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай), 1226000-«Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының 122602 2-«Көкөніс тұздаушы» (оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай) біліктіліктеріне лицензияға қосымшалар берілді.
Комиссияның шешімімен «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК өтініш берген 1201000-«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 120107 2-«Автокөлікті жөндеу слесарі» біліктілігі (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) және 1211000-«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 121106 2-«Арнайы тігінші» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай) біліктілігі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес толық оқу периодына білім алушылар контингентіне шаққандағы, соның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиетінің қоры жеткіліксіз болуына байланысты Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес емес деп танылып, дәлелді бас тартылды.

Leave a Reply