2015 жылғы ҰБТ қорытындысы  бойынша ақпарат

2015 оқу жылының соңында  Алматы облысы бойынша 13947 түлек мектеп бітірді. ҰБТ-ға қатысуға 9590 бала өтініш берді, оның ішінде қазақ тілінде – 7668, орыс тілінде – 1922. ҰБТ рәсіміне 9280 мектеп бітіруші қатысты, бұл 66,5% құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 4,8% төмен көрсеткіш (71,3%).

 ҰБТ бойынша ортақ балл  76,39 көрсетті, өткен жылғы (72,6) көрсеткіштен 3,79 балға жоғары.

Ең жоғары балл -123 (Іле, Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандарынан 3 қатысушы), ең төмен 14 (Алакөл ауданы).

Шектік 50 балл деңгейінен 1052 түлек өте алмады (11,3%).

Облыс бойынша ҰБТ ережелерін бұзған үшін 27 түлек шығарылды, оның ішінде:

   Жалған тұлғалар  –  22 (Жамбыл ауданы – 16, Кербұлақ ауданы – 3, Ақсу ауданы – 2),

Ұялы желіні пайдаланған үшін – 4 (Алакөл ауданы – 3, Талғар ауданы – 1);

Уақытында жауап парағын беруден бас тартқаны үшін – 1 (Еңбекшіқазақ ауданы)

   Тиым салынған заттарды тестілеу барысында алынғаны

Ұялы  телефонов – 957,

шпаргалка– 3005,

калькуляторлар – 69,

фотоаппарат – 2,

модем – 5,

телефон-сағат – 2.

     Барлығы тиым салынған заттардың алынғаны – 4040.

      ҰБТ бойынша  жоғары көрсеткіш Қапшағай қаласының түлектері көрсетті  – 95,95 балла.  Ең төмен көрсеткіш Ұйғыр ауданында (68,34 балл), Балқаш ауданы (66,42 балл).

  Білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан Ұлттық тестілеу жүргізу Ережелері бойынша түсіндірме жүмыстарын жүргізу мақсатында ҰБТӨП мемлекеттік комиссиялар, аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары, облыстық білім басқармасының басшысы, аудан (қала) білім бөлімдерінің, мектеп басшылары, педагогтік, ата –аналар қоғамының өкілдері, БАҚ өкілдері, 11-сынып оқушыларының қатысуларымен жиналыстар өткізілді. ҰБТ өткізу бойынша мәселелер БАҚ бірнеше рет жарияланды.

 

Leave a Reply