2015 жылы Алматы облысында ОЖСБ өткізу туралы ЕСЕП

2015 жылы Алматы облысында ОЖСБ өткізу туралы ЕСЕП

     Облыс көлемінде ұйымдасқан түрде ОЖСБ-ды өткізу мақсатында 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Ақпаратты-түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында департамент басшысы С.Досматова Есік қаласында өткізілген облыстық білім басқармасының жылжымалы коллегиясында білім басқару органдары басшыларына және облыс педагогикалық қауымдастығына ОЖСБ-ды ұйымдастыру және өткізу технологиясын таныстырды. Департаменттің бас мамандары В.Орынбаева «Огни Алатау» газетінде  «Ждет девятиклассников экзамен» мақаласын (31.03.2015ж. №36), А.Муканова «Жетісу» газетінде «Жетістіктерді сырттай бағалау» (02.04.2015ж. №37) мақаласын жариялады.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 06 наурыз 2015 ж. №118 бұйрығы негізінде 7-16 сәуір аралығында Алматы облысы бойынша өткізілген ОЖСБ-да 4 кезеңде (7,10,14,16 сәуір) 129 білім беру ұйымы қатысты. Барлық қатысқан оқушылар саны-4654, қазақ тілді оқыту-3581 оқушы, орыс тілді оқыту-1073 оқушы.

     ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері ретінде білім саласын бақылау Департаментінің 11 маманы анықталды, ҚР БҒМ өкілдері ретінде жоғарыда аталған бұйрық негізінде  үздік педагогтар және директор орынбасарлары арасынан 31 мұғалім бекітілді.

      2015 ж. 27-28 наурызда Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында Ұлттық тестілеу орталығы басқармасының директоры Е.Амирбекұлы, ҰТО филиалының басшысы У.Жумагожинованың қатысуымен ҚР БҒМ өкілдері үшін ҚР БҒМ 26.03.2014ж. №99 бұйрығына сәйкес оқушылардың жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу талаптарымен таныстыруға арналған оқыту семинары өткізілді. 6 сәуір күні БСБД-де ҚР БҒМ өкілдеріне нұсқау жұргізіліп, ОЖСБ пунктеріне ҚР БҒМ өкілдерін бөлу графигі таныстырылды.

     9,13, 16 сәуір күні ҚР БҒМ өкілдері үшін ОЖСБ рәсіміне байланысты қосымша нұсқаулықтар беріліді. Әрбір кезең басталғанда ҰТО жіберілген қаптар ашылды, ОЖСБ материалдары таратылды.

1 кезеңге 42 мектеп қатысты, 2,3 кезеңде-41 мектеп, 4 кезеңде (электронды тестілеу) -5 мектеп.

     ҚР БҒМ өкілдері ОЖСБ –ны өткізу пунктеріне келу барысымен аудиторияларды тексерді, мектеп әкімшілігі және аудандық ББ өкілдерімен кеңес жүргізді.

    Тестілеуге дейін оқушылар, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігімен ОЖСБ –ны ұйымдастыру және өткізу талаптарын бұзуға жол бермеуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚР БҒМ, БСБД өкілдері тарапынан  тестілеу барысына бақылау жүргізілді.

        Тест аяқталғаннан кейін емтихан материалдары ҰБТ –ді өткізу орталықтарында сканерден өткізіліп, жауап парақтары  сәйкестендірілді. Мектеп директорлары, ҚР БҒМ өкілдері және ҰБТ ӨО өкілдеріне ведомость берілді. ОЖСБ рәсімі өту барысымен барлық қолданған және қолданылмаған сұрақ-кітапшалары ҰБТ ӨО-да майдалап кесілу әдісімен жойылды.

         ҰБТӨО мәліметі бойынша облыс мектептері бойынша орта балл 36,6 балды құрады, соның ішінде:

1 кезең-38,0 балл

2 кезең-36,9 балл

3 кезең-35,8 балл

4 кезең (электронды тестілеу)-30,8 балл.

          2015 жылы облыстың орташа білім сапасы- 36,6 балл, бұл  көрсеткіш 2014 ж. 42,6 баллдан едәуір төмен. ОЖСБ көрсеткіштерінің объективтілігіне ҰТО және ККСОН жүргізген шаралар әсерін тигізді  деп есептейміз:

-ҚР БҒМ өкілдерінің іс-әрекеті алгоритміне тестілеуді өткізу үшін бір үлкен аудиторияны талап ету және қажеттілік болған жағдайда ғана кезекшілерді қосу;

– бір білім беру ұйымында бірнеше оқу пәндерінің нұсқаларын қолдану;

-БСБД тарапынан ОЖСБ –ны бақылауды күшейту мақсатында кезеңдер санын көбейту.

Ұсыныстар:

  1. Тест тапсырмаларын жасауда бақылауды күшейту.
  2. Оқу пәндерін түрлендіру практикасын әрі қарай жалғастыру.
  3. Оқушылардың ведомостеріне тоқсандық бағаларын алдын-ала енгізу.
  4. Электронды тестілеуді одан әрі жетілдіру.

Департамент басшысы                                                  С.Досматова

 

 

Leave a Reply