Ұстаздар күні

Ұстаздар күнін мерекелеу құрметіне орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Г.Көбенова аумақтық департаменттердің мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары және мұғалімдердің ішінен білім беру саласында тексерулерге қатысатын сарапшылардың қатысуымен салтанатты кездесу өтткізді.

  Салтанатты шара барысында Алматы облысының 5 мұғалімі: Уалибаева Айгүл Сағынтайқызы, Кенжебекова Асель Базарбекқызы, Жумашева Лаура Құдайбергенқызы, Кусанова Дина Доскелдиновна, Қожахметова Оралсын Жолдасбайқызы алғыс хатпен марапатталды.

Leave a Reply