Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесін жаңарту

Короновирустық пандемия кезеңінде енгізілген қашықтан оқытумен қатар қашықтық форматта басқару және бақылау шаралары да жүргізілуі мүмкін. Осыған байланысты білім беру ұйымдарынан жедел түрде алынған мәліметтің дұрыстығының үлкен мәні артуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігінің ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ) жүйесін жаңарту жұмыстарының аяқталуы мемлекеттік органдар мен қатар, азаматтарға да білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарына кіруге мүмкіндік ашады.

ҰББДҚ- на ашық модуль енгізілді, ол еліміздегі кез келген балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы педагогтардың сапалық құрамы, техникалық жабдықталуы, оқулықпен қамтамасыз етілуі және оқушылар саны туралы ақпарат алуға мүмкіндік туғызады. Білім беру ұйымдарының бюджеті бойынша мәлімет те ашық болады. Бұл жерде ата аналар картадан қажетті білім беру ұйымын таңдап, ол туралы нақты ақпарат алып, басқа білім беру ұйымдарымен салыстыра алады.

Ақпаратқа қолжетімділік барысында жеке мәлімет және ақпаратты қорғау басымды болып қалады. Деректер қоры бөтен адамдардың араласуынан сенімді қорғалған және ақпаратқа тек рұқсаты бар шектеулі қызметкерлер санатынан басқа ешкім қол жеткізе алмайды

Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесінің жаңартылуы Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмысында тексеру объектісіне әкімшілік жүктемені төмендету, шығынды және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Leave a Reply