ҰБТ – 2020

2020 жылы 29 мамырда өткен брифинг барысынды Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сауле Нурахановна Кабимолдаева журналистерге 2020 жылы ҰБТ-дің өтуі қалай жоспарланып жатқаны туралы айтты.

ҰБТ өткізу мерзімі 20 маусым 05 шілде аралығында белгіленді. ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді, ҰБТ тапсыру пунктері (ҰБТТП) базасында өткізу сақталады. 2020 жылы республика бойынша 131683 өтініш берілді, бұл ҰБТ өткізу тарихындағы рекордтық көрсеткіш.2019-2020 оқу жылының аяғына Алматы облысының мектептерінде 15153 мектеп бітіруші бар, оның 75%-дан астамы (11494 бітіруші) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.

Биылғы жылы ҰБТ тапсырудың ерекшеліктері:

  • шектеу қойылатын шаралар: ата-аналар, педагогтар, бөгде адамдарға ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін пунктердің аумағында жүруге тыйым салынады; тест тапсырушының барлық жүру бағыты және аудиторияда болған кезінде қатысушылар арасында 2 метр қашықтық сақталады; бөгеу ленталары тартылады; идентификация автоматты түрде бет әлпетін тану арқылы болады.
  • санитарлық шаралар күшейтіледі: түлектер зарарсыздандырудың 5 түрінен өтеді: қолды зарарсыздандыру аяқ киімді зарарсыздандыру, дене қызуын өлшеу, бетпердені респираторға ауыстыру.

         Қажетті зарарсыздандырумен  БҒМ өкілері, мемлекеттік комиссия, және басқа да тартылған тұлғалар қамтылады. Қажетті қашықтықты сақтау үшін аудиториядағы қатысушылар саны екі есеге кемиді.

         Жергілікті атқарушы органдар, ҚР БҒМ өкілдері тарапынан мектеп бітірушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қолданылады.

         Шектеу қойылатын және санитарлық шаралармен қатар, тест тапсырушылардың жауапкершілігі де арта түседі. Егер, өтініш берген оқушының орнына тесті бөгде адам тапсыратын болса, онда сол оқушы жыл бойы ҰБТ-ге жіберілмейді. Сонымен қатар, тестілеудің жүру барысына мониторинг жүргізу міндетті болады. Бұзушылық анықталған жағдайда ҰБТ қорытындысы жойылады.

Leave a Reply