ҰБТ-ға дайындық аяқталу сатысында

 Алматы облысы аумағының  облыстық, аудан орталықтары, ірі тұрғын мекендерінде 16 ҰБТ өткізу орталықтары жұмыс жасайды (Талдықорған, Үшарал, Сарқан, Жаркент, Үштөбе, Қапшағай, Қаскелең, Есік қалалары, Жансүгір, Сарыөзек кенттері, Бақанас, Ұзынағаш, Түймебаев, Кеген, Нарынқол, Шонжы ауылдары).

Биылғы жылы Алматы облысында ҰБТ-ге қатысуға тілек білдірген түлектер саны -15083. Бұл жалпы түлектер санының -75,9%. Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілд.

ҚР ҒБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смагуловтың айтуынша, жаңа форматта өтініш беру ҰБТ тапсыруға тілек білдірушілер санын өсірді.

Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады. ҰБТ аяқталғаннан кейін 25 тамызға дейін бейнебақылау жазбасы талданып, оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі жойылады.

Leave a Reply