ҚР БҒМ 2023 жылдан бастап орта білім беру жүйесіне латын жазуын енгізуді бастауды жоспарлап отыр

       ҚР БҒМ 2023 жылдан бастап орта білім беру жүйесіне латын жазуын енгізуді бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы сала алқасының кеңейтілген отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлаған болатын. Мектептерде латын әліпбиін енгізу 12 жылдық оқуға кезеңді көшумен қатар жүргізіледі. Мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламалары, оқу әдебиетінің мазмұны өзгереді. Бұл жұмыстың аясында математика, тілдер және информатика сияқты пәндерді оқыту бірінші орынға қойылады. Сонымен қатар Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы бойынша бірыңғай оқулықтар жасалады.

Leave a Reply