Қош бол, оқу жылы!

Соңғы тоқсаны ерекше және жаңашыл болған оқу жылы да аяқталуға жақын қалды. Жазғы демалыс алдында короновирус әдетте қалыптасқан жағдайға өзіндік түзетулерін енгізді. Бұның барлығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шұғыл түрде, қысқа мерзімде шығарылған, БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланған, нормативті-құқықтық құжаттар мен ұсыныстарында байқалды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пандемия кезеңінде 9 және 11 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізбейтіндігі және аттестатты оқу жылындағы ағымдағы бағалар негізінде шығарылған жылдық баға бойынша беруі туралы шешімі – педагогке, оқушыға, ата-анаға деген сенімділік. Олар бұл шешімнің босаңсу үшін сылтау емес, оқу материалын меңгеруді  күшейтудің белгісі екенін дұрыс түсінді. Себебі, қашықтан оқыту, ҰБТ тапсыру және ары қарай ЖОО-да, халықаралық алмасу тарапынан шет елдегі білім беру ұйымдарында оқу барысында білімнің жеткіліксіз болғанына себеп болмайды.

Қашықтан оқыту тәжірибесі пандемия және оқшаулану жағдайында оқу үрдісін жүргізудің мүмкіндігін ғана көрсетіп қоймай, болашақта мектептерді ақпараттандыру қажет екеніне қоғамның көңілін аударды. Қашықтан оқыту технологиясын дамыту, ауа райының қолайсыз жағдайында оқу үрдісін тоқтаптай жалғастыруға, денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыны тиімді оқытуға, онлайн режимде ата-анамен тығыз байланыс жасауға, оқушымен оқу пәні бойынша үнемі жеке жұмыс жүргізу ғана емес тәрбиелік жұмыстарды да ұйымдастыруға да мүмкіндік береді.

Leave a Reply