Қорғаншылық және қамқоршылық сұрақтары бойынша бейнеконференц байланыс туралы

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қабимолдаева Сәуле Нұраханқызы мен орынбасары Құлахметова Айымгүл Сайынқызының қатысуымен 2020 жылдың 26 мамырында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын мамандармен бейнеконференц байланыс арқылы кеңес өткізді.

Онлайн жүздесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республкасы Білім және ғылым министрлігінің 26.12.2014 жылғы №541 «Білім және ғылым саласындағы төтенше жағдайларды хабарлау және жария ету тәртібі туралы» бұйрығын орындалу барысын анықтау, әрі қарай жүзеге асырылуын түсіндіру жұмыстары.Қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын мамандардың жұмыстары Министрліктің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Б.Асылованың жергілікті жерлерде әлеуметтік педагогтардың жұмысын жандандыру бойынша берілген тапсырламаларынорындауға бағытталды.

Leave a Reply