Қашықтан оқыту жағдайында Алматы облысындағы кәсіптік және техникалық білім беруде сапаны қамтамасыз ету

Алматы облысының білім саласындағы сапаны  қамтамасыз ету департаменті  ағымдағы жылдың 12 мамыр күні  облыстағы кәсіптік және техникалық білім беру мекеме басшыларымен ВКБ арқылы кезекті жұмыстық отырысын өткізді. Жиын барысында департамент басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева  департаменттің рұқсат беру және бақылау қызметтері аясында тоқталып өтті. Өткізілген жиынның өзектілігі қашықтан оқыту жағдайындағы  тақырып аясында болды. Осы тұста  қашықтық оқыту платформаларына енгізілетін контент сапасы, электрондық оқу әдістемелік кешенінің мазмұны, колледждердегі қабылдау комиссия жұмыстарының ұйымдастырылуы жайында сөз қозғалды. Қазақстан Ресупубликасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңы мен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 06 сәуірдегі 2020 жылғы №130 бұйрықта қарастырылған педагогтерден өз қызметінен тыс  есеп  тапсыруды талап етуге тиім салынатыны айтылды.

Leave a Reply