Қатысты істер қаралды

Департамент тарапынан ҚР БҒМ 14.01.2016 жылғы «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» бекітілген №26 бұйрықтың орындалуы бойынша жұмыс түрлері жүргізілді. 2018-2019 оқу жылының басынан аудандық білім бөлімдерінен келіп түскен құжаттар негізінде мектеп оқушыларының мектеп формасына қойылатын міндетті талаптардың орындалмауы, атап айтқанда, қыз балалардың орамал кию жағдайы бойынша ата-аналарға қатысты 12 әкімшілік құқықбұзушылық іс қаралды. Оның ішінде Талғар ауданы ата-аналарына қатысты -4, Іле ауданы -2, Жамбыл ауданы -3, Панфилов ауданы-2, Алакөл ауданы -1 әкімшілік істер. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 409-бап, 2-бөлігі бойынша 12 ата-анаға қатысты істер қаралды, нәтижесінде 10 ата-анаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, 2 ата-анаға ескерту берілді.

Leave a Reply