Қарасай ауданының мектеп директорларымен бейне конференц байланыс арқылы кездесу

2020 жылдың 10 маусымында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Кабимолдаева Сауле Нурахановна Қарасай ауданының мектеп директорларымен бейне конференц байланыс арқылы кездесу өткізді.

ҰБТ тапсыру барысында санитарлық және нормативтік талаптарды сақтау, педагогтердің еңбек демалысының ақысын төлеу, жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру саласындағы маңызды сұрақтар талқыланды. Директорлардың сұрақтарына жауап бере отырып, БССҚЕ департаментінің басшысы департаменттің сайты және әлеуметтік желі арқылы белсенді, нәтижелі қарым қатынасқа шақырды. Сонымен қатар, педагогтердің толтыруға міндетті құжаттар тізбесін сақтау талаптары бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан орын алған бұзушылықтар мысалға келтірілді.

Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту департамент құзырлығына жатады. ҰББДҚ-ғы мәліметтің нақтылығын қамтамасыз етуде мектеп директорларының жауапкершілігі артты. Аудандағы мектеп бітірушілерге ҰБТ-ді сәтті тапсыруды тілей отырып, Сауле Нұрахановна ҰБТ кезінде қаражат жинау және басқа да заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігін ескертті.

Leave a Reply