Қамқоршымыз қасымызда

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Осыған орай Кеген ауылында 14.03.2019 жылы Алматы  облысының бақылау департаментінің басшысы С.Ж.Досматова, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Г.С.Ажикенова, бас маман Р.Г.Сайдгариева «Білім саласындағы департаменті бақылау күніне» орай  2018-2019 оқу жылында білім сапасын бақылаудың өзгеруі, Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуі,  оқу жетістігін сырттай бағалау және  «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардан құрылған қамқоршылық кеңестің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырды. Қамқоршылық кеңес  қызметінің  мақсаттарына  ерекше  тоқталып  өтті:

  • білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға болады;
  • білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру  мақсатында  білім беру  ұйымының  оқушылары мен педагогикалық  ұжымымен қажетті жағдайлар жасау;
  • білім беру ұйымына қаржылық  қолдауды, материалдық-техникалық  базасын  күшейтуді  қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымының әрі қарай дамуына  ықпал ету болып табылады.

Қамқоршылық кеңестері – қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңестері – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы. Қамқоршылық кеңесінің құқықтық статусы екі түрде орнатылуы мүмкін: ол заңды тұлғаны құру жолымен де, құрмай-ақ та қызмет жасай алатынын  айтып  өтті.  Берілген  мәліметтер  Кеген  ауданының  білім саласы  қызметкерлеріне  көп көмек  болды.

Сонымен бірге, мектеп бітіруші түлектер үшін ҰБТ-дің өткізілуі жайлы мәліметтер берілді. Биылдан бастап тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Осыған дейінгі қаңтар, маусым және тамыз айларына енді наурыз қосылды. Осылайша, жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.

Осылайша, биыл қазақстандық оқушылардың үміті артты. Олай дейтініміз, алғашқы сынақтан сүрінген бозбала мен бойжеткеннің енді сағы сынбайды. Бекітілген жаңа талаптарға сай шекті балл жинай алмағандар қайтадан тест тапсыруға мүмкіндік алды.

ҰБТ форматы өзгермейді. Пәндердің саны бұрынғыдай бесеу және тест тапсырмаларының саны – 120, ең жоғары ұпай да бұрынғысынша 140 болады.

Талапкер әдеттегідей 3 міндетті пәннен сынақ тапсырады:
– Қазақстан тарихы,
математикалық сауат,
– оқу сауаты.
Жәнеөзітаңдағанмамандықбойынша 2 салалықпән.

Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ға қатысқан талапкерге сертификатпен ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне түсуге құқық береді, ал тестіге қатысу ақылы болады. Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификаттар беріледі және олар грант алуға жарамайды.

Егер талапкер мемлекеттік грант алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсырып, тек соның қорытындысы бойынша грант байқауына қатыса алады және жоғары балл жинаған кезде ғана бюджет есебінен білім ала алады.

Ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлерге 4 ҰБТ-ның біріне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті. Мысалы, талапкерқаңтардағы ҰБТ-ғақатысып, 120 балл жинайды – ендіол 1 ақпанда ЖОО-ныңқабылдаукомиссиясынабарып, бірденшарттытүрдеақылыбөлімгетіркелеалады, ал егер грант алғысыкеліп, маусымда ҰБТ-дан 50 балл жинаса, ондаолқаңтардағы 120 балл жинағансертификатынкөрсетіп, гранттанүміттенеалмайды. Грант үшін ҰБТ-ныңмаусымдағынәтижесіғанажарамды, сондықтанолақылытүрдеоқуғатүсеалады.

Жиында көтерілген тағы да бір мәселе – орта мектептерде оқу жетістігін сырттай бақылау.        Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасын мониторингтеу түрлерінің бірі болып табылады.

ОБ ОЖСБ жүргізудің мақсаты:

  • білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
  • білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.

4,9,11 сынып оқушыларының орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОБ ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарды басшылыққа алу керек.

Тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламасына сай әзірленеді.Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылатылады.

Шара барысында алынған ақпараттардың өскелең ұрпаққа білім беруде білім қызметкерлерінің заман талаптарына сай толыққанды мәлімет алғандарына сеніміміз мол.

 

 

Ү.Алпысбайқызы

Кеген ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бас маманы.

Leave a Reply