Қамқоршылық кеңестердің кеңейтілген отырыстарын өткізу туралы

2017 жылдың 22-24 мамыр аралығында облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарындағы алдыңғы қатарлы мектептердің базасы аясында мектеп әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жұмыс берушілер мен басқа білім беру ұйымдарын тарта отырып, қамқоршылық кеңестер қызметінің мәртебесін, функцияларын, міндеттері мен бағыттарын түсіндеру мақсатында кеңейтілген отырыс өткізілді.

Отырыс барысында қамқоршылық кеңестер қызметінің мәртебесі, функциялары, міндеттері мен бағыттарына байланысты сұрақтар қарастырылды. Отырыста департамент қызметкерлері Қамқоршылық кеңес – қоғамның білім беру жүйесіне қатысудың бір түрі және білім беру жүйесінің және нақты бір білім беру ұйымының дамуына өз еркімен қызығушылық танытқандардың барлығын біріктіретін мемлекеттік емес, үкіметтік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екеніне еркеше тоқталып өтті. Қамқоршылық кеңес – тек қолдау мен қаржыдандыру ғана емес, ол білім беру ұйымы атынан билікпен сұхбат жасау. Қамқоршылар – қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.

Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаты – білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету, қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету және білім беру ұйымы қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру екендігі айтылып өтті.

Отырыс барысында бүгінгі күні жұмыс атқаратын қамқоршылық кеңес мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті. Қамқоршылық кеңес құру бойынша оң тәжірибе  көрсеткен  Қапшағай, Текелі қалаларының білім беру ұйымдарын атап өтуге болады.

 

Leave a Reply