«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі келесі бос білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі келесі бос білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жариялайды:

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде.

Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) бекітілген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі сурет, бекітілген нысандағы сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Конкурс өтетін мекен-жайы: 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 27,  тел: 8/7282/401234 almobldkso@mail.ru

 

1) Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы (01-1-9) С-O-6, 1 бірлік

  1. Жалақысы : Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 74954 теңгеден 101604 теңгеге дейін.
  2. Лауазымдық міндеттері :

Әдістемелік құжатар жобаларын дайындауға қатысу, қарамағындағы мәселелер бойынша жинақтық статистикалық есептерді жинақтау, талдау, өткізу; білім беру мекемелерін мемлекеттік  аттестаттаудан өткізу және  лицензиялау қызметіне қатысу; білім беру мекемелерін тексеруден өткізу, мемлекеттік аттестаттау материалдарын талдау; әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу, Департамент қызметтерін жетілдіру және қарамағындағы мәселелер бойынша нұсқамалық-әдістемелік құжаттарды дайындау; бөлім  жұмысын жоспарлау және қызметі бойынша есеп дайындау; білім беру қызметін лицензиялау бойынша заңды тұлғаларға кеңес беру;

  1. Білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктілігі:

Жоғары немесе ортадан кейінгі  педагогикалық, құқықтық немесе ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

– Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

– мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Leave a Reply