Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы №213 бұйрығымен білім беру ұйымдары басшыларын лауазымға конкурстық орналастыру және конкурстық тағайындау Қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы №213 бұйрығымен білім беру ұйымдары басшыларын лауазымға конкурстық орналастыру және конкурстық тағайындау Қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілген. Білім беру ұйымдары басшыларын лауазымға конкурстық орналастыру және конкурстық тағайындау бірнеше дәйекті кезеңдерден тұратыны белгілі. Мысалы, егер қамқоршылық кеңес әрбір кандидатура бойынша хаттамалық шешім шығарған және кандидаттар келісілмеген жағдайда, білім беруді басқару органы конкурсты өтпеді деп таниды және қайтадан конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды. Алайда, жаңа өзгерістерге сәйкес, қамқоршылық кеңес кандидаттарды қайта келіспеген жағдайда білім беруді басқару органы барлық кандидатты келесі кезеңге өткізетін болды.

Leave a Reply