|
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтары нысандарының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-18-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының 2020 жылдың екінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықпен бекітілген тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және оның аумақтық органдарының білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г. Көбеноваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Аймағамбетов
Результаты согласования
11.05.2020 09:41:41: Кобенова Г. И. (Комитет по обеспечению качества в сфере образования и науки) – – cогласовано без замечаний
Результаты согласования
11.05.2020 12:04:50: Аргынгазин Г. А. (Руководство) – – cогласовано без замечаний
11.05.2020 12:11:44: Джумашев Г. С. (Руководство) – – cогласовано без замечаний
11.05.2020 12:57:48: Мылтыкбаева Л. Р. (Управление по координации деятельности территориальных органов) – – cогласовано без замечаний