ҚР Білім және ғылым министрінің білім беру ұйымдарын аралау және тұрғындармен кездесулері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова 2019 жылдың 16-17 сәуір күндері Талдықорған қаласы №28 ІТ мектеп-лицейіне, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінінің шеберханаларына, Көксу ауданы Б.Құндақбаев атындағы №1 орта мектебіне, Талдықорған қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатына, Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайына, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттерін аралап ардагер ұстаздар, мұғалімдер, оқушылармен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Абдықалықова, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Б.Біртанов және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетовтың жұмыс сапары барысында халықпен кездесуі

 

Күні: 16 сәуір 2019 жыл.

Уақыты: 14.30 сағат.

Өткізу орны: Талдықорған қаласы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы». 

Қамтылуы: 350 адам.

 

14.30.Алматы облысы әкімі А.Баталовтың алғы сөзі.

14.30-14.35-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Абдықалықованың баяндамасы.

14.35-14.50-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаевтың баяндамасы.

14.50-15.00-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың  баяндамасы («Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет Басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру шаралары, оның ішінде білім беру саласындағы мәселелер туралы, оқушылардың білімдерін критериалды бағалауды, жаңартылған білім беру мәселелеріне сәйкес мұғалімдерді әдістемелік көтермелеуді, ата-аналар қоғамымен тығыз өзара әрекеттестікті  қалыптастыру, кәсіптік және техникалық білім берудің жаңартылған бағдарламалары, үш ауысымдағы мектептер, мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру, инновациялық оқыту жүйесі, үштілділік туралы және  т.б.)

15.00-15.10-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Б.Біртановтың баяндамасы.

15.10-15.20-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетовтың баяндамасы.

15.20-15.50 – Залдан сұрақтар:

1.Сұрақ: Арсалан Айдана Аслановна, Алматы облыстық Жастар ресурсы орталығының қызметкері, Менің балам биыл 9 сынып бітіреді, мен баламның жақсы мамандық иесі болып, болашақты мамандығы бойынша жұмыс табуын қалаймын. Жаңартылған кәсіптік білім алу мазмұны бойынша қандай шаралар қолданылып жатыр және колледждарда білім алуға гранттар бөлінеді ма?

Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова:  Бүгінгі күні кәсіптік білім беру толығымен кадрларды дайындауды модульдік технологиясына көшуде, колледждарда кадрларды дайындаудың екі деңгейлі жүйесі жүзеге асырылуда, бұл колледждарда 3 жылдың ішінде 2 жұмысшы біліктілігін алуға болады деген сөз. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында жаңа мамандықтар ашу үшін, мемлекет тарапынан материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінетін алдыңғы қатарлы 20 ЖОО және 180 колледждің тізімі анықталған.

Алматы облысында 1 ЖОО және 10 колледж анықталған. 2019 жылы Алматы облысының 3 колледжі (Талдықорған медициналық колледжі, Талдықорған политехникалық колледжі және Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі) анықталған. Жоғарғы колледждер статусын алған, яғни бұл қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытады. Бітіруші 2 деңгейлі білім алуды аяқтағаннан соң қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жалғастыруға және кіші инженер біліктілігін алуға болады.

  1. Сұрақ: Ахметова Индира Болатхановна, №12 орта мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Өзіңізге белгілі, елімізде еріктілер қозғалысы белсенді дамуда, осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев еріктілер қозғалысымен белсенді айналысып жүрген студент жастардың шәкіртақысын 30%-ға арттыру туралы тапсырма берген болатын. Аталған жоба қашан жүзеге асырыла бастайды?

Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова:   Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жастар жылының ресми ашылу салтанатында және «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде жастарға қатысты нақты тапсырмалар берді. Соның бірі  еріктілердің шәкіртақысын 30%-ға көтеру болатын. Бұл бағдарлама 2019 жылдың 1 қыркүйегінен, яғни  оқу жылының басынан іске асырылатын болады. Қазіргі кезде Алматы облысында 793 еріктілер белсенді жұмыс атқаруда, оның 293-і қалалық жерде тұратын болса,  500-і ауыл тұрғындары. Оның ішінде оқушылар саны – 358, студенттер – 435.

 

15.50-де сұрақ-жауап аяқталды.

15.50-15.55-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Абдықалықова қорытынды сөз сөйледі.

15.55-16.00- Облыс әкімі А.Баталов қорытындылады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың Талдықорған қаласы №28 ІТ мектеп-лицейін аралауы

 

Күні: 16 сәуір 2019 жыл. 

Уақыты: 16.05сағат. 

Өткізу орны: Талдықорған қаласы, №28 ІТ мектеп-лицейі 

Қамтылуы: мектеп ұжымы мен оқушылар. 

 

16.05.– 16.30. – Талдықорған қаласы №28 ІТ мектеп-лицейінекелуі және танысуы.

Мектеп директоры Еспанова Гульжанар Медегалиевна №28 ІТ мектеп-лицейінің  мектеп ғимаратымен және мектептің жұмыс жүйесімен таныстырды.

Робототехника кабинетінде оқушылар өздерінің жасаған роботтарымен таныстырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды:

Сұрақ: Ракета роботты өздеріңіз құрастырасыздар ма?

Жауап: Иә, балалармен бірігіп құрастырдық.

Сұрақ: Құрастырған роботты қандай бағдарламамен құрастырасыздар?

Жауап: «С++» бағдарламасы негізінде құрылған.

ҚР Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова мектеп аралау барысында бірінші ІТ кабинеті мұғалімі Шалтабаев Алтай Акановичке төмендегідей сұрақ қойылды.

Сұрақ:Программалауды қай бағдарламамен бастайсыз?

Жауап:«Паркетчик» бағдарламасынан бастап оқимыз.

Екінші ІТ кабинеті мұғалім  Булажанова Гүлбадан Қуанышбековнаға төмендегідей сұрақ қойылды.

Сұрақ: Қанша ІТ сынып бар?

Жауап: 2 ІТ сынып бар.

Үшінші Bilimmedia кабинетіне кіріп мұғалімдерге сұрақ қойылды.

Сұрақ: Бос уақыттарыңызда  Bilimmedia ресурстарын қолданасыздар ма?

Жауап:иә, сабағымызда жиі қолданамыз.

ҚР Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидановамектеп асханасын аралау кезінде қойған сұрақтар:

Директорға сұрақ :  Қанша оқушы тегін  ыстық тамақпен қамтылған?

Директор жауабы:Ыстық тамақпен қамтылған  оқушы саны 88, оның ішінде 42 аз қамтылған отбасы, 46 оқушы көп балалы отбасы қамтылған.

Директорға сұрақ :  Асхана жалға берілген бе ?

Директор жауабы: Иә, мердігерге жалға берілген.

Кездесудің аяғында Шәмшиданова К.Н. ұжым мен оқушыларға сәттілік тілеп қоштасты.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың Талдықорған жоғары политехникалық колледжінінің шеберханаларын аралауы

 

Күні: 16 сәуір 2019 жыл. 

Уақыты: 16.30-17.00 сағат аралығында. 

Өткізу орны: Талдықорған қаласы,  Талдықорған жоғары политехникалық колледжі

Қамтылуы: колледж ұжымы мен оқушылар. 

 

16.30.– 17.00. – Талдықорған жоғары политехникалық колледжінекелуі және танысуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинова Талдықорған жоғары политехникалық колледжініңоқу-өндірістік  шеберханасында болып, колледждің материалды-техникалық базасымен танысты. Колледжде оқытылатын жұмысшы және техникалық-кәсіптік мамандықтары жайлы ақпараттандырылып, төмендегі оқу-өндірістік шеберханаларын аралады:

  1. Аспаптық шеберханасы
  2. Ағаш өнімдерін шығару шеберханасы
  3. Электрдәнекерлеу шеберханасы
  4. Газға қосылған қазандық агрегаттарды, желілер мен қондырғылар шеберханасы
  5. Токарлық және механикалық шеберханасы
  6. Сылақ және тас қалау шеберханасы
  7. Электрорадио өлшеу шеберханасы
  8. Автокөлікті жүргізуге үйрету шеберханасы
  9. Жанар-жағармай аппаратурасын жөндеу шеберханасы
  10. Электротехникалық шеберханасы
  11. Бағдарламалау және жүйелік оператор шеберханасы
  12. Телекоммуникациялық желілер шеберханасы
  13. Машиналар және жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету шеберханасы
  14. Электрорадио құрастыру шеберханасы

Колледждің оқу-өндірістік шеберханасында колледж директоры Мұқажанов Ерқат Биғалиұлы колледждің оқу-өндірістік үрдісін және колледж жетістіктерін көрсетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова шеберханаларда студенттермен, оқу-өндірістік шеберлермен, оқытушылармен тікелей кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың колледж директорына қойған сұрақтары:

Сұрақ:  Колледжде қажетті мамандарды дайындауға сұраныстар бар ма?

Жауап: Иә, сұраныстар көп.

Сұрақ: Екі және үш деңгейлі құзыреттілік арқылы білім алудың тиімділігі қандай?

Жауап: Модульдік – құзыреттілік жүйесі бұл әлемдік практикамен расталған білім алудың өте тиімді әдісі. Осындай бағдарламалардың көмегімен студенттер бірінші деңгейде үш біліктілік, екінші кезеңде орта буын мамандығын ала алады. Мысалы, «Электрик-механик» мамандығы үшін  екінші деңгейде электр слесарі мен электр монтер біліктілігін меңгеріп, үшінші деңгейде электромеханик біліктілігін алады. Осының нәтижесінде нарыққа бірнеше біліктілігі бар дайын маман шығады.

Сұрақ: Қолданбалы бакалавриаттың сұраныста болуы және интеграциаланған білім беруді дамытудың өзектілігі қандай?

Жауап: Қолданбалы бакалавриат жүйесіне көшудің алғышарты ретінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті келісімімен бірлескен жұмыс тобы құрылып, “Кәсіптік оқыту” мамандығы бойынша кіріктірілген үлгілік оқу бағдарламалары  әзірленді. Әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламалары негізінде қолданбалы бакалавриат жүйесінде эксперименттік режимде даярланатын жоғары колледж түлектерінің Университетте білімін жалғастыруына мүмкіндік жасау мақсатында, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

2018-2019 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша 25 талапкер оқу орнына қабылданып, оқу жылында «Қолданбалы бакалавриат» жүйесі бойынша білім берілуде. Академиялық баклавриат  ғылымға терең бойлауға негізделсе, қолданбалы баклавриат  таза нарықтың сұранысына бағытталып, тәжірибеге көбірек мән береді.

Сұрақ: Дуалды оқытудың және өндірістік тәжірибенің маңыздылығы қандай?

Жауап: Колледжде дуальды оқыту жүйесі бойынша 2015 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс жүргізілуде, бұл жұмыс кәсіпорындармен келісім – шарттарға отырудан бастау алды. Оқып жатқан  білім алушылар саны – 465  (5 мамандық, 6 біліктілік бойынша). Мамандық бойынша студенттер алғашқы кәсіби дағдылары колледждің шеберханадарында игеріп, ары қарай кәсіпорындарда жалғастыруда. Жұмыс орындарында студенттерге тәжiрибелi тәлімгерлер бекiтіледі.

Сұрақ: Түлектердің жұмысқа орналасуы қалай ?

Жауап: Колледж түлектерімен байланыс орнатылған және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында компания өкілдері шақырылып түрлі шаралар ұйымдастырылады. Онда жұмыс беруші кәсіпорынның қызметімен таныстырады және одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында әңгімелесу өткізеді. Сондай-ақ, Алматы облысы “Халықты жұмыспен қамту орталығы” өкілдерімен кездесулер өткізіледі, онда студенттер мемлекет қабылдаған шаралар, жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша, атап айтқанда, “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы, жас мамандар үшін бос жұмыс орындары туралы ақпарат алады. Бұдан басқа, түйіндемені дұрыс құрастыру, әңгімелесуден өту және Жұмыспен қамту орталығында тіркелу бойынша консультациялар жүргізіледі. Бүгінгі таңда біздің түлектердің жұмысқа орналасуы 87,4 пайыз көрсетеді.

Сұрақ: «World skills» қозғалысының дамуы және студенттердің байқауларға қатысуы қалай жүріп жатыр?

Жауап: WorldSkills Kazakhstan жобасы Қазақстанның кәсіптік-техникалық білімінің имиджін көтеруге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Міне, төртінші жыл біздің колледждің студенттері әр түрлі құзыреттілік бойынша WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатқа қатысуда. 2016 жылы Ұлттық чемпионатқа 1 студентіміз «Жүйелік және желілік администрациялау» құзыреттілігіне қатысып, 4 орынды (медальон) алды. Колледждің 2 оқытушысы Ұлттық чемпионаттың эксперттері. Қазіргі таңда 7 бағыт бойынша 20 студент өңіраралық чемпионатқа дайындық үстінде. Барлық мамандықтардың оқу жұмыс бағдарламалары WorldSkills стандарттарына сәйкес құрастырылған.

Сұрақ: Робототехника зертханаларының жұмысы қалай жүруде?

Жауап: Бүгінгі күнде колледжде  ІТ орталығы ашылған соның бір бағыты робототехника. IT-орталық инженерлік графика және 3D-технологиялар, логистикалық контроллерлерді бағдарламалау, мехатрондық және роботталған жүйелер және web-сайттар мен интернет қосымшаларды әзірлеу модульдері бойынша дайындықты жүзеге асырады.

Сұрақ: Студенттердің кәсіби дағдыларына қызығушылық қалай?

Жауап: Біздің студенттердің кәсіби дағдылануына шеберханалардың жағдайы өте жақсы, заманауи талапқа сай.

Сұрақ: Колледждің оқу үрдісінің автоматтандырылуы қандай деңгейде?

Жауап: Оқу-тәрбие үрдісін цифрландыру бағдарламасы бойынша колледжде Smart-колледж бағдарламалық кешені енгізілді. Бейнебақылау жүйелері, электронды өткізу жүйесі, құжат айналымы, кітапхана және оқу залы кіреді.

Сұрақ: Студенттердің тұрмыстық жағдайлары мен жатақханамен қамтылу жағдайы қандай деңгейде?

Жауап: Колледждің жатақханасы 200 орынға арналған. 5 қабатты жатақхананың әр қабатында 8 секциядан бар. Стандартқа сай  секцияда 4 орын, 3 орындық, 2 орынға арналған. Әр қабатта ас әзірлейтін бөлме, оның ішінде 2 ас әзірлеуге арналған электр плитка, ас жылытуға арналған микротолқынды пеш, тоңазытқыш, шай қайнататын электротитан бар. Бөлмелердің барлығы толық керекті жаңа жиһаздармен жабдықталған. Студенттердің демалып отыратын фойеде теледидар, жұмсақ жиһаз қойылған. Төменгі қабатта кір жууға, жуынуға душ, үтіктеуге арналған бөлме қарастырылған. Студенттердің денсаулығын қадағалайтын медициналық пункт жұмыс істейді. Студенттердің оқу, тәрбие және тұрмыстық жағдайлары толық қамтылып қарастырылған.

Сұрақ: Студенттерге спортпен, шығармашылықпен айналысуға қандай жағдайлар жасалынған?

Жауап: Колледжде салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорт үйірмелері мен факультативтік сабақтар ықпал етеді. Дене шынықтыру мен спорт бөлімі ұстаздары 14 үйірме жұмысын ұйымдастырады: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақша күрес, тоғызқұмалак, футбол, шахмат, шаңғы, әскери-спорттық «Жасұлан» үйірмелері бар. 400 ден астам студент спорттық үйірмеге қатысады. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша Талдықорған политехникалық колледжі Алматы облысының «Дене шынықтыру мамандарын дайындайтын үздік оқу орны» номинациясына ие болды. Колледжде 2 Әлем чемпионы, 4 Азия чемпионы, 30 спорт шеберлері, 45 спорт шеберлеріне үміткерлер оқиды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова колледж ұжымы мен оқушыларға әңгімелесу, сұрақ-жауап барысында өз ризашылығын білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың Көксу ауданы Б.Құндақбаев атындағы №1 орта мектебін аралауы

 

Күні: 16 сәуір 2019 жыл. 

Уақыты: 17.15-18.00 сағат аралығында. 

Өткізу орны: Көксу ауданы, Б.Құндақбаев атындағы №1 орта мектебі

Қамтылуы: аудан мектептерінің директорлары, зейнеткер ұстаздар,мектеп ұжымы. 

 

17.15.– 17.30. – Көксу ауданы Б.Құндақбаев атындағы №1 орта мектебіне келуі және танысуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидиноваға мектеп директоры А.Д.Алдибекова Open Space форматындағы кабинетімен, заманауи үлгіде жабдықталған технология кабинеті (қыздар, ұлдар) жұмыстарымен таныстырды. Технология пәнінің мұғалімі Агламова Шарбану Болатжанқызының  (қыздар тобы) 7 «а» сыныбында «Диванға арналған жастықшалар жасау» тақырыбындағы, Кайсанов Бағдат Ердосанұлының (ұлдар тобы) «Көлік құралы үлгісін дайындау» тақырыбындағы сабақтарын, биылғы жылы мектеп «Пилоттық» жобаға кіру барысында  өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын одан әрі қалыптастыру бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кайыржанов Ержігіт Нургисанович 4 «Ә» сыныбында  (ұлдар тобында)  «Көңілді старт»,  Нуртаев Ануар  (қыздар тобында) сабақтарын,жаратылыстану- математика цикл пәндерінағылшын тілінде  пилоттық режимде  жартылай вариатив компонент  есебінен физика пәнінің мұғалімі Көкенов Әлібек Дарханұлы  9 «А» сыныпта «Types of energy transfers convection» тақырыбында сабақтарын көрсетті.

  • Заманауи мұғалімдер бөлмесімен таныстырылды. Мұғалімдер бөлмесі моноблоктар, компьютерлік техникалармен жабдықталған, бос уақытында мұғалімдер Қазақстан мұғалімдерімен, өздерінің әріптестерімен тікелей онлайн режимде тәжірибе бөлісе алатындарын, сонымен қатар оқушыларын онлайн режимде олимпиадаға қатыстыра алатындарын, «Күнделік.кz» электронды жүйесіне  кіріп жұмыс жүргізетіндерін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың қойған сұрақтары:

Сұрақ: «Күнделік.кz» жүйесінде жұмыс істеу сіздерге ұнай ма?

Жауап: мектеп үйлестірушісі, «Күнделік.кz» жүйесінің әкімшісі Иванченко Алена Анатольевна,  ұстаздарға осы жүйеде жұмыс істеу қолайлы, мүмкіндігі мол.

Сұрақ: «Күнделік.кz» электронды  журналы бойынша  ата-аналар балаларының күнделікті бағаларын, мұғалімдер жазған ұсыныстарын көре ала ма?

Жауап: – биология пәнінің  мұғалімі Ақжұма Феруза  Болатқызы -әр ата –ана балаларының формативті және жиынтық балдарын, ұстаздар жазған ұсыныстары, сонымен қатар үй тапсырмасын  күнделікті толық көруге мүмкіндіктері бар.

Сұрақ: Дронды не мақсатпен жасап жатырсың?

Жауап: 7- сынып оқушысы Қалиасова Нұрай –квадрокоптерді біз дрон деп атаймыз. Оны өз қолымызбен жасап жатқан себебіміз, біз ауылымыздың көрікті жерлерін түсіргіміз келеді. Дронды ұшқышсыз төбеден камерамен түсіруге болады.

Сұрақ: Ағылшын тілінде физика пәнін оқу сендерге қиындық туғызып жатқан жоқ па?

Жауап: Жексенқұлов Аян, оқушы: – Басында қиындықтар туындады. Қазір көп ізденіп, оқудың арқасында үйреніп қалдық, әрі қызықты.

Сұрақ: Қай оқу орнын бітірдіңіз?

Жауап: Көкенов Әлібек, мұғалім: -І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, 2016 жылы бітірдім.  Ағылшын тілінің 10 айлық курсынан 2018 жылы өттім.

Сұрақ: Ағылшын тіліндегі деңгейіңіз қандай?

Жауап: Көкенов Әлібек, мұғалім:- С1 деңгейінде сертификатталдым. Мектептің мультимедиялық кабинеті 12 компьютермен жабдықталған.  Кабинетте гуманитарлық -қоғамдық бағыттағы пәндер үшін жақсы жағдай жасалған. (ағылшын тілінде жауап берді).

17.30.– 18.00. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинова ауданның білім беру мекемелерінің басшыларымен, ардагер ұстаздармен, ұстаздармен  кездесу өткізіп, баяндама жасады. («Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет Басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру шаралары, оның ішінде білім беру саласындағы мәселелер туралы, оқушылардың білімдерін критериалды бағалауды, жаңартылған білім беру мәселелеріне сәйкес мұғалімдерді әдістемелік көтермелеуді, ата-аналар қоғамымен тығыз өзара әрекеттестікті  қалыптастыру, кәсіптік және техникалық білім берудің жаңартылған бағдарламалары, үш ауысымдағы мектептер, мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру, инновациялық оқыту жүйесі, үштілділік туралы және  т.б.)

Сұрақ: Койшыбаева Салтанат Сейткамаловна, Б.Құндақбаева атындағы№ 1 орта мектетің бастауыш сынып мұғалімі:

-Құрметті Күләш Ноғатайқызы, жалпы халық Әліппенің қайтарылатыны туралы Сіздің пікіріңізге өте риза. Мұны біз орынды шешім деп ойлаймыз. Енді осы бағытта Сіздердің тараптарыңыздан қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жауап:Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н:Шамшидинова: – Өздеріңіз білесіздер  Әліппе оқулығы Әліппеге дейінгі, Әліппе, Әліппеден кейінгі кезеңнен тұрады. Ғалымдар оқулықты құрастыру бойынша жұмыс жасауда. Өйткені бағдарлама да, бағалау жүйесі де жаңа.

Қорытындылай келе ҚР Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинова кездесуге қатысушы ұстаздарға жұмыстарында табыс тіледі.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың Талдықорған қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатын аралауы

 

Күні: 17 сәуір 2019 жыл. 

Уақыты: 08.50-09.25 сағат аралығында. 

Өткізу орны: Талдықорған қаласы, Талдықорған қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты 

Қамтылуы: Мектеп ұжымы мен оқушылар. 

 

08.50.– 09.25.-Талдықорған қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған  лицей-интернатына келуі және танысуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова лицейідің әр түрлі деңгейдегі: облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада мен ғылыми жоба жеңімпаздарымен кездесті. Кездесу барысында: – Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті болу керектігі, оқушылар тек жаратылыстану бағытында ғана болмай, өз тілін, өз туған жерінің тарихын білу керектігі жайлы айтты.  Оқушыларға қазақ тілі пәні бойынша олимпиада жүлдегері бар ма? Ауылдан келген оқушылар бар ма? – деген сұрақтар қойылды.  Қазіргі заманда жеке адам өзі ғана табысты болмай, қасындағыларды  да тарту керектігін, командалық топпен жұмыс жасау керек екенін де оқушыларға ескертті. Қазіргі экономикалық дәуірдің капиталы – ол білімді, дені сау адам – деп атап өтті.

  • Лицей кітапханасын аралап, кітап қорымен танысты. Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  және  «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақалалары аясында  жүргізілген жұмыстарымен танысты.

7 А сыныбының Интеллектум сабағына қатысу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова оқушыларға сұрақтар қойды.

Сұрақ: Ауылдан келген оқушылар бар ма?

Жауап: иә

Сұрақ: Сабақ барысында қолданылатын ойын нені дамытады?

Жауап: Бұл ойын логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Сұрақ: Неше минутта құрай аласың?

Жауап: 12 сек.

Сұрақ: Осы ойындар арқылы не үйренесіңдер?

Жауап: Логикалық ойлауды және жасаған  макеттердің істен шығу барысында қалпына келтурдің түрлі әдістерін ойлау табуды.

Сұрақ: Интеллектумға келгенде демалып қаласыңдар ма?

Жауап: иә

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова оқушыларға жасанды интеллект пен эмоциональды интеллект жайлы түсіндіріп берді.

Информатика және робототехника кабинетінде оқушылар жасаған роботтармен танысты. Республикалық KRC жеңімпаздары  Х. Масхутов және Д.Дүйсебаев MBOT роботтарын таныстырып, қалай құрастырып, бағдарламаны құрғанын көрсетті. Халықаралық  INFOMATRIX ғылыми жоба жарысының жеңімпазы Ә. Әміре және Қ. Төлеубай  өздерінің  “SMART CITY” Ақылды қала жобасын ARDUINO платасымен жасалған жобасын таныстырды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова:

Сұрақ: Талдықорған қаласына осындай жобаны жасайтын ойларыңыз бар ма?

Жауап: иә осы жобаларды сол үшін дайындап жатырмыз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданова лицей ұжымы мен оқушыларына табыс, сәттілік тіледі.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайын аралауы

 

Күні: 17 сәуір 2019 жыл. 

Уақыты: 09.30-10.00 сағат аралығында. 

Өткізу орны: Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайы  

Қамтылуы: Оқушылар сарайы ұжымы мен оқушылар. 

 

09.30.– 10.00. – Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайына келуі және танысуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова оқушылар сарайында барлық кружок жұмыстарымен танысып, оқушылармен тілдесті. «Жас биолог» кабинетінің жұмысымен танысты.

Сұрақ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинованың оқушыларға қойған сұрақтары:

Сұрақ: осы араға аптасына қанша рет келесіздер?

Жауап: аптасына 2 рет.

Сұрақ: Не үйреніп жатырсыздар?

Жауап: Биология пәніне байланысты помидор егудің ерекшелектерін үйрендік. Топырақсыз бидай өсіреміз.

Сұрақ: осы помидордың не ерекшелегі бар? Тұқымына байланысты ма немесе минералына байланысты ма?

Жауап: Тұқымына байланысты, бұл помидор бір түптен 1,5 кг салмақта 5 помидордан өсетін болады.

Сұрақ: Ал, балалар, тағы не үйреніп жатырсыздар?

Жауап: Хамелеондарға тамақ үшін шыбындарды өсіруді үйреніп жатырмыз және әртүрлі бидайларды өзіміз өсіріп, құстарымызды қоректендіреміз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова «Химия» кабинетінің жұмысымен танысты, ол жерде оқушылар «Ньютон емес сұйықтықты» жасап көрсетті.

Сұрақ: бұл не үшін қажет?

Жауап: бұл өнімдер  Қазақстанда көп өседі, табиғи дүние, оның ішінде химия жоқ, адам ағзасына пайдалы.

«Туризм» кабиненетінде оқушылар өздерінің білім біліктілерін, физикалық дайындықтарын, арқан арқылы жоғары шығып скалодромда жүру әдістерін көрсетті. «Туризм» кабинетінің жетекшісі А.Бобрусов жарға өрмелеу құралдарының санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай еместігін айта отырып жаңа скалодром құрылысы керектігін айтып, қаржылай көмек бөлуді сұрады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Д.Жүнісовке жергілікті бюджет есебінен барынша көмек көрсету керектігін айтты.

«Жас техниктар станциясы» директоры С.Дауталиев «Судомоделирования» үйірмесінде жер асты корабльдері мен қайықтарының модельдерінің іс-жүзінде пайдаланылуы көрсетілді.

«Жас техниктар станциясына» жеке ғимарат салу, сонымен қатар түрлі конкурстарға қатысуға және үйірменің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінуіне ұсыныс жасады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова: Мен оқушылар үшін   «Жас техниктар станциясына» жеке ғимарат керек емес екенін көріп тұрмын, себебі басқа үйірмелерге келген оқушылар Сіздердің жұмыстарыңызды көріп, қызығушылық танытып, осы үйірмеге қатысуға ынталары оянады. Сонымен қатар, оқушылар сарайының ғимараты барлық талапқа сай, материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшиданованың І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аралауы

 

Күні: 17 сәуір 2019 жыл. 

Уақыты: 10.20-10.35 сағат аралығында. 

Өткізу орны: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Қамтылуы: 210 адам. 

 

10.05.– 10.10. –І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне келуі және көрмемен танысуы.

10.10.-10.35.-І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры К.Баймырзаев кездесуді құттықтау сөзбен ашты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова университет және қала мектептерінің ұстаздармен кездесіп баяндама жасады. («Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет Басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру шаралары, оның аз қамтылған отбасылар туралы, мұғалімдердің еңбекақасын көтеру, білім беру саласындағы мәселелер туралы, жаңартылған білім беру мәселелеріне сәйкес мұғалімдерді әдістемелік көтермелеуді, ата-аналар қоғамымен тығыз өзара әрекеттестікті  қалыптастыру, жоғары оқу орындарындағы өзгерістер, кәсіптік және техникалық білім берудің жаңартылған бағдарламалары, үш ауысымдағы мектептер, мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру, инновациялық оқыту жүйесі, үштілділік туралы және  т.б.).

         Сұрақ:  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Рысханова Аида, экономика факультетінің 3 курс студенті, 2018-2019 оқу жылдарында мемлекеттік емтихан тапсыру немесе дипломдық жұмыс жазу таңдауы берілген болатын, қазіргі таңда ол таңдау тоқтатылды, Алдымыздағы оқу жылдарында студенттерге осындай таңдау мүмкіндігі беріледі ма?

Жауап: Жалпы өзіміз оқытып, өзіміз баға қоямыз, сырттан бағалау жүйесі деген болады, Сіздің сұрағыңызға қосымша жауап беретін боламын. Қазір осы мәселе министрлікте қарастырылып жатыр, бірақта емтиханның қай түрі болса да, тек алған білімдеріңіздің көлемінде өтетін болады. Формасы өзгергенмен мазмұны өзгермейтін болады.

10.45-11.15-Студенттерге арналып салынып жатқан жатақханамен танысу.

 

 

Leave a Reply