Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов 2021 жылғы 25 наурыздағы карантиндік шектеу іс-шаралары және кезеңмен жеңілдетуді енгізу туралы қаулыға өзгерістер енгізді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов 2021 жылғы 25 наурыздағы карантиндік шектеу іс-шаралары және кезеңмен жеңілдетуді енгізу туралы қаулыға өзгерістер енгізді.

Өзгеріс енгізілген құжатқа байланысты 2020-2021 оқу жылының 4 тоқсанында  оқушыларға рұқсат етіледі:

Республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет;
сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

Жасыл және сары аймақтарда: барлық сыныптардың оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Қызыл аймақта: мектепалды даярлық, 1-5 сыныптардың (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет, 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды,сыныпта балалар санын 15-тен асырмау қажет.

Сонымен, білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:

– медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрмен термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;

– мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады, кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіреберіс алдында асфальтқа таңба қойылады;

– оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныптың (аудитория, кабинет) жанында, санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады;

– оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі.

Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес  жүргізіледі:

  • сабақ кестесі оқытудың аралас форматын есепке ала отырып, білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмысшы оқу жоспарына сәйкес жасалады;
  • оқушыларға сабақ уақытында сыныптарда маска кимеуіне рұқсат етіледі;

– кабинеттік жүйе болмайды;

–  үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

– дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (атмосфералық ауа температурасы -18 °С аспайтын кезде) таза ауада ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету қамтамасыз етіледі.

Толығырақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан оқи аласыздар.

Leave a Reply