Қазақстанда 25-30 сәуір аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін 16 пән бойынша мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың қорытынды IV кезеңі өтеді

Қазақстанда 25-30 сәуір аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін 16 пән бойынша мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың қорытынды IV кезеңі өтеді.

Олимпиада “Ustudy” орталығының 18 пунктінде прокторинг жүйесін қолдана отырып “бір қатысушы – бір компьютер – бір камера” қағидаты бойынша электрондық форматта өтеді.

Олимпиаданың ашылуы 25 сәуірде онлайн-режимде өтеді. 26-27 сәуірде I және II тур күндізгі режимде өтеді. Қатысушылардың сканерленген және шифрланған жұмыстарын тексеру 26-28 сәуірде жүзеге асырылады. Апелляция 29 сәуірге жоспарланған.

            Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 30 сәуірде онлайн-режимде өтеді.

         Қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері “Дарын”орталығының интернет-ресурсында орналастырылады. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және турлардың нәтижелері бойынша хаттамалар да орталықтың        сайтында         жарияланады.

Leave a Reply