Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық колледжі» мекемесінің білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

2018 жылдың 05 наурызында Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде  Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық колледжі» мекемесінің білім беру қызметіне лицензияға қосымшалар алуға тіркелген өтініштеріне жүргізілген рұқсаттық бақылау жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Аталған білім беру ұйымының заңды тұлға ретінде лицензияға қосымша алуға берген өтініштері бойынша комиссия Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін қарап, ұсынылған құжаттарды тексеру барысында анықталған нәтижені талқылай келе, жоғарыда аталған колледждің сұраныс берген біліктіліктері Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес деген шешім шығарылды.

Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті басшысының бұйрығы негізінде Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі «Прогресс» Политехникалық колледжі» мекемесіне 1201000-«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 120107 2 «Автокөлікті жөндеу слесарі» (оқу мерзімі:2 жыл 10 ай, 10 ай) және 0508000-«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 050801 2 «Аспаз» (оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай, 1 жыл 10 ай) біліктіліктеріне  лицензияға қосымшалар берілді.

Leave a Reply