Іле ауданының жекеменшік «Балапан» бөбекжай балабақшасына мемлекеттік аттестаттау өткізілді

2022 жылдың 16-17 мамыр күндері Іле  ауданының жекеменшік «Балапан» бөбекжай балабақшасына мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестаттау комиссиясы оқытудың негізгі бағыттары мен объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия «Балапан» бөбекжай балабақшасының қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау және талдау жүргізді.

Іле  ауданының жекеменшік «Балапан» бөбекжай балабақшасына білім беру қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмегендіктен, аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» туралы шешім қабылдады.

Leave a Reply