Экологтар оқушылардың сұрақтарына жауап береді

26-30 сәуір аралығында еліміздегі мектептерде «Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өтеді.

Апта бойы экологтар, экология мәселелерін көтеріп жүрген қоғам қайраткерлері оқушыларға онлайн-дәрістер оқиды және олардың сұрақтарына жауап береді. Экологтар экологиялық мәдениет, адамның табиғатпен өзара байланысы туралы баяндайды, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін сурет және тастанды материалдардан жасалған бұйымдар байқаулары, тақырыптық вмкториналар ұйымдастырылады.

Leave a Reply