Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі келесі уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурс жариялайды:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) бекітілген нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі сурет, бекітілген нысандағы сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Конкурс өтетін мекен-жайы: 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 27, тел: 8/7282/401234 almobldkso@mail.ru

1) Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің бас маманы (02-1-2) С-O-5, 1 бірлік
1. Жалақысы : Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
2. Лауазымдық міндеттері :
Қаржыландыру, есептеу және есеп беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін жүргізеді; қаржыландыру жоспарын орындау бойынша жинақтық бухгалтерлік есепті дайындайды.
Бухгалтерлік есептер бойынша департаменттің қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді; мемлекеттік сатып алуға қатысады; қызмет түрлерін көрсетудің, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының орындалуын бақылайды.
Бюджеттік бағдарламаны орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; тауар, қызмет көрсету мерзімдерін есепке ала отырып, төлемдер бойынша жылдық соммаларды айларға тарату жұмыстарын жүргізеді; жалақыны есептейді, қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлерге іссапар ақысын есептейді; бюджетке төлемдер аударады; сауықтыру, демалысқа шығу, қаржылық қызмет көрсету, денсаулық парағына сәйкес төлемдерін орындайды.
Банк және қазынашылық арқылы қаржы операцияларды жүргізеді; аванстық есептерді орындайды, қаржы жоспарын орындау бойынша айлық есептерді дайындайды; тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептерді дайындап, белгіленген мерзімде ұсынады.
3. Білімі, мамандығы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктілігі:
– Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит)
– Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
– мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
– жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Leave a Reply