Техникалық және кәсіптік білім берудегі қашықтықтан білім беру технологиясы бойыншы мәселелерге байланысты бейне конференц байланысқа қатысу туралы

Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім         ұйымдары қашықтықтан білім беруге ауысты. Қашықтықтан білім беруді тиімді пайдалану мақсатында туындаған мәселелерді оңтайлы қарастыру үшін, ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім білім беру департаменті Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және білім басқармасымен бірлесе отырып, 15-28 наурыз аралығында онлайн режимде кеңес өткізді. Колледж басшыларына өткізілген бейне конфернец кеңесте қашықтықтан оқытуға көшу барысында туындаған мәселелер: платформаларға қосылуда туындаған қиындықтар, ұйымдастыру кезеңдері және шешу жолдары талқыланды. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті колледждердің оқу үрдісінің жүргізілуіне және оқушылармен кері байланыс бойынша күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Қашықтықтан оқыту бойынша әдістемелік орталық бола алатын техникалық және кәсіптік білім білім беру ұйымдары анықталды. Сонымен қатар, жекелеген колледждарда оқыту платформаларына контентті жүктеу, берілген тапсырмалардың сапасы және оқушылармен кері байланысты ұйымдастыру түзетулер мен толықтыруларды қажет етеді. Қашықтықтан оқыту сапасын жақсарту бойынша департамент тарапынан нақты ұсынымдар беріліп тұрады.

 

 

Leave a Reply