
Мелдебекова білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың ерекшеліктері, педагогтерді аттестаттау, мектеп директорларын ротациялау және т.б. мәселелерге тоқталды. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларын сақтау, педагогикалық әдеп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, білім беру ұйымдарында қалыпты моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды. Осы шаралардың барлығы педагогтер мен ата-аналар тарапынан шағымдар мен өтініштер санын азайтуға ықпал ететін болады.
Кездесу барысында мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері білім беру саласындағы НҚА-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар берді.
Ресми кездесуден кейін Майра Тұрғанбайқызының диалогы аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен жалғасты. Жалпы облыс педагогтерімен кездесу өте нәтижелі өтті!