Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева 16 наурызда Алматы облыстық мәслихатындағы “Hur Otan” партиясы депутаттық фракциясының Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына қатысты

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Нұраханқызы Қабимолдаева 16 наурызда Алматы облыстық мәслихатындағы “Hur Otan” партиясы депутаттық фракциясының Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысына қатысты. Облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Г. Исагулова Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2021 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндама жасады. Облыстың білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту индикаторына қол жеткізілген жоқ. “Күндізгі мемлекеттік мектептердің жалпы санынан үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі” көрсеткіші орындалмаған. Қазіргі уақытта облыста 49 үш ауысымды және 3 апатты мектеп бар. Білім беру саласындағы тағы бір проблема-ПМПК санының жеткіліксіздігі. Бұл проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдар шаралар қабылдауда. Жаңа мектептер салынып жатыр, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі кеңеюде. Осы мәселелердің барлығы тұрақты комиссия отырысында талқыланып, ұсыныстар берілді.

Leave a Reply