Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту туралы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту туралы.

          Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылықтарының бірі болып табылады. 2020 жылғы 17 қарашада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау мақсатында білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті өз қызметкерлері үшін семинар өткізді.

        Департамент басшысы Қабимолдаева Сәуле Нұраханқызы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа үйренуінің қауіпті екенін ескертті. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Азаматтармен диалог арқылы қоғамның наразылығын тудыратын проблемаларды анықтауға болады.

         Департаменттің бөлім басшылары Әжікенова Г.С. мен Орынбаева В.В.  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары  «проблемалық нүктелерді» (лицензиялау, жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау т.б.) анықтау және жою тәжірбиесімен бөлісті.

Leave a Reply