Семинар –кеңес

2019 жылдың 11 сәуірде Талдықорған қаласы №27 орта мектеп-гимназия базасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің бірлескен семинар –кеңесі өткізілді. Семинар –кеңестің мақсаты: Қамқоршылық кеңестерге, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне, әдістемелік кабинеттер мамандарына, білім мекемесі басшыларына  қамқоршылық кеңес жұмысын оңтайлы жоспарлау бойынша әдістемелік көмек көрсету, 2018 жылғы мемлекеттік бақылау шаралары қорытындысы бойынша  оқу-тәрбие үрдісінде қажетті ақпарат беру,  2019 жылғы ОЖСБ, ҰБТ жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін баяндау. Семинар –кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері, Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес төрағалары мен төрайымдары,     Алматы облыстық білім басқармасы өкілдері, аудан (қала) білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері.  Семинар –кеңес аясында білім беру мекемелеріндегі  қамқоршылық кеңес жұмыстарындағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, жұмыс бағыттары айқындалып, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатын тиімділігі баяндалды.

Leave a Reply