2018-2019 оқу жылының 12-22  ақпан аралығында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі  тарапынан Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектепте тексеру/профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілді.

Бақылау барысында 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 2019 жылдың 12 ақпанына дейінгі аралықтағы  Білім беру ұйымының басқару құжаттары, мұғалімдердің мамандығына сәйкестігі,  педагогикалық қызметкерлердің біліктілік талаптары мен оған сәйкестіктерін растайтын құжаттардың тізбесі, стандартқа сәйкес сабақ кестелері мен міндеттік оқу жоспарының орындалуы, Білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының орындалуы, білім берудің жаңа форматының жүзеге асырылуы, білім алушылардың оқуға қабылдау бойынша құжаттарының талапқа сай рәсімделуі, білім алушыларға қойылған бағалардың нақтылығы мен сәйкестігі, білім ұйымындағы қатаң есептегі құжаттардың талапқа сай жүргізілуі тексерілді. Профилактикалық бақылау мен қадағалау барысында    комиссия тарапынан заңға қайшы әрекеттер орын алмады.

Бақылау нәтижесінде білім беру ұйымы тарапынан жіберілген қателіктер анықталып, кемшілікті жою жоспары нақты көрсетілді.

Білім беру салаларына профилактикалық бақылау жүргізілуі  қажет деп санаймыз.  Себебі, жұмыс жүргізу барысында кеткен кемшіліктерді уақытында жоюға, жұмыс бағытын талапқа сай жүргізілуін ретке келтіруге бағыт береді.

 

Мектеп директоры                                    М.Б.Куткельдиева

Leave a Reply