Педагог құқығын қорғау

2020 жылы 29 мамырда өткен брифинг барысынды Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сауле Нурахановна Кабимолдаева журналистерге мұғалімдердің сұрақтарына  шұғыл жауап беру алгоритмі туралы айтты.

2019 жылы желтоқсанда қабылданған ҚР «Педагог мәртебесі» туралы Заң педагогтердің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін, шектеулер, міндеттер және жауапкершілікті нақтылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесінің дамуы бойынша зор үмітті жаңашылдықтар мен прогрессивтікке бейім өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымына міндеттеді.  Ұлттық бәсекелестікті арттыру үшін біздің педагогтерге іс жүзіндегі жоғары мәртебеге жету керектігі айтылды.

Педагогтердің құқықтарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолдану ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен бастап Департамент құзырлығына қарасты.

Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 409-шы бабына әкімшілік жауапкершілік енгізіліп, 20 және 120 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Департамент басшысы педагогтардан артық есептілік талап ету, кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тарту және заңнама талаптарына сай емес ақпарат талап ету фактілері болған жағдайда педагогтар Департаментке өтініш білдіре алатынын айта кетті.

Leave a Reply