Педагогтердің жалақысына республикалық бюджеттен қосымша ақы төленгені туралы мониторинг жүргізеді

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті педагогтердің жалақысына республикалық бюджеттен қосымша ақы төленгені туралы мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша 10 аудан және 1 қала  Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 113-бабының 1- тармағын бұзып, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтеріне еңбек ақылары уақытында төленбей жатқанын көрсетті. Осыған байланысты, жоғарыда аталған аудандарда жалақының заңда белгіленген мерзімде төленбеуіне кінәлі  лауазымды тұлғаларға тиісті шара қолдану үшін Алматы облысының еңбек инспекциясына хат жолданды.

Leave a Reply