Педагогтарды аттестаттау шаралы қарсаңында

Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті күнделікті БАҚ, әлеуметтік желілер, телефон арқылы облыс мектептерінің педагогтарына әдістемелік және методологиялық көмек көрсетеді. Түсіндіруді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогтарды аттестаттау.

2020 жылдың 21 мамырынан педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардан Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Егер бүгінге дейін аттестаттау бір кезеңде, аттестатталушының қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау арқылы жүргізілген болса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу Ережесіне  өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 14 мамырдағы 202 бұйрығына сәйкес, атестаттау 2 кезеңде жүргізіледі: 1) ұлттық біліктілік тестілеу; 2) біліктілік санаттарын алу (растау). Мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтетін аттестатталушылар ғана Ұлттық біліктілік тестілеуден өтетін. Жаңа ережеде Ұлттық біліктілік тестілеу рәсімі нақытланып берілген.

Ережеде білім беру ұйымы басшыларының Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 44 бап 5 тарамағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өту шарты енгізілген. Тестілеуден басқа білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілік бағалау және қызмет қорытындыларының кешенді аналитикалық жиынтығы жүргізіледі.

Алматы облысында 50 мыңнан астам педагог, оның 38796 -ы мектепте жұмыс жасайды. 2020 жылы аттестаттауға 12 мыңнан астам педагог қатысу жоспарлануда.

Leave a Reply